Конспект урока "ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарындағы әкімшілікреформаларға қарысы ұлт-азаттық күрестер" 8 класс

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарындағы әкімшілікреформаларға
қарысы ұлт-азаттық күрестер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның
мақсаты Қазақстанды басқарудың саясижүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл
реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның
отарлық сипатын ашу;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша
мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына
ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;
Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық
басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ
ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырамсын сұрау:
1. Қазақстанда 1867-1868 ж. реформаны жүргізгенде патша әкімшілігі қандай
мақсат көздеді?
2. Реформаның отаршылдық сипаты неде?
3. Кестенің толтырылуын тексеру (оқушылар тақырыптық кестелер
толтырғанда мұғалім олардың білімі мен іскерлігін бақылай алады).
Оқушылардың «ХІХ ғ. 80-90 ж. әкімшілік реформалар» тақырыбы бойынша
практикалық жұмысы
Алдымен сынып алдана төмендегідей міндет жүктеу керек:
ХІХ ғ. 60- жылдары жүргізілген әкімшілік реформаларжартылай ғана болды.
Біріншіден, олар өмірге бірден енгізілген жоқ, ол ең алдымен оған қарсы
шыққан қазақ шаруаларына байланысты болды.
Екіншіден, қазақ ауылына жан-жақтан әсер еткен капиталистік қатынастар
барлық салада тиісті өзгерістер әкелді.
Сондықтан 1880-90 ж. патша үкіметі жоғарыда көрсетілген және басқа да
жағдайларды есепке ала отырып, аяғына дейін жеткізуге мәжбүр болды. Осыны
дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
1-топқа тапсырма:
Оқулықтан Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер туралы мәтінді
оқыңдар және оларға 1867-1868 ж. реформалардың әсері болды ма, соны
анықтаңдар, пікірлеріңді деретермен дәлелдеңдер.
Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша қарастырады:
Көтерілістің себептері;
Сипаты;
Козғаушы күштері;
Басшылары;
Негізгі оқиғалары;
Жеңілу себептері;
Тарихи маңызы.
2-топқа тапсырма:
Оқулықтан Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс туралы мәтінді оқыңдар және
оған 1867-68 ж. реформаның әсері болды ма, соны анықтаңдар. Пікірлеріңді
деректермен дәлелдеңдер.
Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша ашады:
Көтерілістің себептері;
Сипаты;
Козғаушы күштері;
Басшылары;
Негізгі оқиғалары;
Жеңілу себептері;
Тарихи маңызы.
Оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талқылағаннан кейін,
Қазақстандағы 80-90 ж. реформалардың жылдамдатылу себептерін көрсету:
1. Қазақстанды үш генерал-губернаторлыққа бөлу Ресейдің Еуропалық
бөлігінен шаруаларды көшіру мәселелерін жүйелі әрі тез шешуге бөгет
жасады;
2. Орта Азия әскери жолмен Ресей империясына қосылды, бұл аса үлкен
аймақта басқаруда біртұтас жүйе жасауды және қаражатты үнемдеуді
талап етті.
3. 1867-68 ж. Ереже ең басынан уақытша сипатта болды.
Тапсырма: Оқушылардың оқулық мәтінемен жұмысы
1. 1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік басқаруды 1867-68 ж.
реформалармен салыстырыңдар.
2. Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
3. Бұл өзгерістердің мәні неде?
4. Қазақстандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-
аумақтық бөліністерді картадан көрсетіңдер.
Үйге тапсырма: Қазақстанның 1867-68 ж. реформа бойынша әкімшілік-
аумақтық бөлінісін картаға түсіріңдер
1. Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша әкімшілік-аумақтық
бөлінісінің сызбасын картаға түсіріңдер.