Тест "1867 - 1868 жылдардағы реформалар" 8 класс

1867-1868 жылдардағы реформалар
1. Әкімшілік реформалар қай жылдары жүргізілді?
А) 1822-1824 ж.ж.
В) 1865-1866 ж.ж.
С) 1867-1868 ж.ж.
D) 1871-1872 ж.ж.
Е) 1875-1876 ж.ж.
2. 1867-1868 ж.ж. жүргізілген реформаның басты мақсаты?
А) Қазақстан территориясын облыстарға бөлу
В) Қазақстан территориясын арақашықтыққа бөлу
С) Басқарудың билік жүйесін өзгерту
D) Революциялық қайта құрулар
Е) Хандық билікті қалпына келтіру
3. Ресей үкіметі қазақ жерін басқару туралы Ереженің макетін дайындау үшін Дала
комиссиясын қай жылы құрды?
А) 1865 ж.
В) 1866 ж.
С) 1867 ж.
D) 1868 ж.
Е) 1869 ж.
4. 1865 ж. 5-маусымда қазақ жерін зерттеп білу сұрақтарын дайындауға әмір берген патша?
А) І Александр
В) ІІ Александр
С) ІІ Павел
D) І Николай
Е) І Петр
5. ХІХ ғ. 60-ж.ж. И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды?
А) 3 облысқа (батыс,шығыс,орталық)
В) 4 облысқа (батыс,шығыс,оңтүстік,солтүстік)
С) 5 облысқа (батыс,шығыс,орталық,оңтүстік,солтүстік)
D) 2 облысқа (батыс және шығыс)
Е) 1 облысқа (орталық)
6. Реформа жобасын дайындау жөніндегі комиссияға кім басшылық етті?
А) Ішкі істер министрлігінің кеңес мүшесі Гирс
В) Премьер-министр Перовский
С) Генерал-губернатор Гасфорт
D) Генерал-губернатор Гутковский
Е) Патша Александр
7. Реформаға дейін қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?
А) 3 (Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір)
В) 4 (Орынбор,Омбы,Түркістан,Батыс Сібір)
С) 2 (Орынбор,Батыс Сібір)
D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді
Е) 1 (Орынбор)
8. Реформа бойынша қазақ даласы неше генерал-губернаторлықтаға бөлінді?
А) 3 (Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір)
В) 4 (Орынбор,Омбы,Түркістан,Батыс Сібір)
С) 2 (Орынбор,Батыс Сібір)
D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді
Е) 1 (Орынбор)
9. Реформадан кейін неше сатылы басқару жүйесі қалыптасты?
А) 3
В) 4
С) 2
D) 5
Е) 1
10. Реформадан кейін қандай басқару жүйесі қалыптасты?
А) Генерал-губернаторлық,облыс,уезд,болыс,ауыл
В) Генерал-губернаторлық,облыс,уезд,село
С) Генерал-губернаторлық,болыс,ауыл
D) Генерал-губернаторлық,облыс,село
Е) Генерал-губернаторлық,село
11. ІІ Александр патша Жетісу және Сырдария облыстарында басқару туралы ережеге қашан
қол қойды?
А) 1868 ж. 21 қазанда
В) 1867 ж. 22 қыркүйекте
С) 1867 ж. 11 шілдеде
D) 1869 ж. 10 мамырда
Е) 1870 ж. 1 ақпанда
12. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторы дипломатиялық келісім-
шарттар жасауға құқылы болды.Қай елдермен?
А) Қазақстан, Қырғызстан
В) Қытай,Иран
С) Ресей,Греция
D) АҚШ,Жапония
Е) Италия
13. Реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлыққа кірген облыстар:
А) Ақмола,Семей
В) Түркістан,Перовск
С) Орынбор,Ақмола
D) Павлодар,Алматы
Е) Орынбор,Семей
14. Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ережеге патша қашан қол
қойды?
А) 1867 ж. 11 шілдеде
В) 1868 ж. 21 қазанда
С) 1868 ж. 11 қарашада
D) 1869 ж. 2 маусымда
Е) 1870 ж. 10 тамызда
15. Облыстар қандай әкімшілік бірлікке бөлінді?
А) Ауыл
В) Село
С) Уезд
D) Қала
Е) Аудан
16. Реформаның таптық сипатын неден көруге болады?
А) Қазақтарға жер берілмеді
В) Шыңғыс тұқымдары салықтан босатылды
С) Қазақтардың малдарын тартып алды
D) Қазақтардың жерін тартып алды
Е) Ешқандай таптық сипат болмады
17. 1867 ж. 11 шілдеде қандай оқиға болды?
А) Патша қайтыс болды
В) Қазақстанда хандық билік жойылды
С) Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге патша қол қойды
D) Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы ережеге қол қойды
Е) Қазақстанға дүнгендер көшіп келді
18. Реформа бойынша кімдер салықтан босатылды?
А) Патша
В) Шаруалар
С) Шыңғыс тұқымдары
D) Генералдар
Е) Қазақтар
19. 1868 ж. 21 қазанда қандай оқиға болды?
А) Патша қайтыс болды
В) Қазақстанда хандық билік жойылды
С) Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге патша қол қойды
D) Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы ережеге қол қойылды
Е) Қазақстанға дүнгендер көшіп келді
20. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша қазақтың қай ғалымы өз ұсынысын жасады?
А) М.Бабажанов
В) Ы.Алтынсарин
С) А.Құнанбаев
D) Ш.Уәлиханов
Е) М.Қаратаев
21. Реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны қалай аталады?
А) Билер мен қазылар соты
В) Патшалық сот
С) Губернатор соты
D) Хан соты
Е) Әкім соты
22. Уездер бөлінген әкімшілік буын:
А) Ауыл
В) Село
С) Болыс
D) Қала
Е) Аудан
23. 1867-1867 ж.ж. жылғы реформа бойынша қазақ далалық әкімшілік басқару жүйесінің басты
принципі:
А) Көшпелілердің өмірі патриархалдық-рулық қауымда
В) Қазақстан әкімшілік басқаруында өзін-өзі басқаруға көшуі
С) Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды енгізу
D) Қазақтардың материалдық жағдайларының жақсаруы
Е) Әскери және азаматтық басқарудың генерал-губернатор қолына шоғырлануы
24. Қай облыста басқару билігі ақсақалдарға берілді?
А) Орал
В) Торғай
С) Сырдария
D) Омбы
Е) Орынбор
25. Уезд бастығын тағайындаған басшы:
А) Патша
В) Генерал-губернатор
С) Әкім
D) Генерал
Е) Халық