Конспект урока "Оғыз мемлекеті туралы жалпы ұғым беру" 7 класс


Сабақтың мақсаты: Оғыз мемлекеті туралы жалпы ұғым беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Мемлекеттің құрылуы, жер аумағы, тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы,
саяси жағдайы, шаруашылығы, кәсібі мен қолөнері жөнінде түсіндіру;
2. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
3. Түрлі тапсырмалар беру арқылы ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың типі: білік пен дағды қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту әдісі: сөз, сұрақ-жауап
Көрнекілік: интерактивтік тақта, кеспе қағаздар
Барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Кім жылдам?
1. Қарлұқ қағанатының тарихи шеңбері. (756-940ж.ж.)
2. Қарлұқтар қай жерлерді мекендеген? (Жетісу, Іле, Шу, Талас алқаптары)
3. Құрамындағы тайпаларды ата.(үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, лазана,
фаракия)
4. Қарлұқтардың құрамы тоғыз тайпадан тұрғанын жазған тарихшы. (әл-Марвази)
5. Қарлұқтар туралы мәліметтер қандай деректерде кездеседі? (қытай, араб-парсы,
Күлтегін жазбаларында)
6. Қағанаттың негізгі орталығы. (Суяб қаласы)
7. Қарлұқтардың Қашғарияны жаулап алған жылдары. (766-775ж.ж.)
8. Ұйғыр қағанатымен болған күрес неше жылға созылды? (20 жылға)
9. 840 жылы кімдерді жеңді? (Ұйғыр қағанатын)
10. Қағанаттың негізін қалаған кім? (Білге Күл Қадыр-хан)
11. 2 ғасырға созылған күрес кімдермен болған күрес? (арабтармен)
12. Қарлұқтар арасындағы ислам дінін қабылдау қай ханның тұсында басталды?
(Сатұқ-Боғра хан)
13. Қандай шаруашылықпен айналысты? (мал және егін)
14. Төрт түліктің қандай түрлерін өсірген? (барлық түрін)
15. Қандай қосалқы шаруашылықпен айналысты? (аң аулау, балық аулау)
16. Қандай ірі қалалары болған?(Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар, т.б.)
17. Қарлұқтардың мәдениетінде қандай салалары дамыды? (материалдық, рухани)
18. Халықтың тіршілік мұқтаждығын өтейтін заттарына не жатады? (үй-жай, киім-
кешек, тамақ, қару-жарақ, құрал-сайман, т.б.)
19. Мәдениеттің рухани саласына нелер жатады? (халықтың дүниетанымы, жан-
дүниесі, діни наным-сенімі, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, т.б.)
20. Орта ғасырлық тайпалардың асыл қазыналары, озық туындылары. (Иолығ-тегін,
Тоныкөк, Күлтегін жазбалары)
Актуалдау.
Орта ғасыр тарихы
Ерте
(VІ-ІХғ.ғ) Дамыған Кейінгі
-ХІVғ.ғ.) (ХV-ХVІІғ.ғ.)
Жаңа сабақ. Оғыз мемлекеті (ІХғ.соңы – ХІғ.басы)
Құрылу тарихы
Ерте орта ғасырларды Орталық және Орта Азияда өмір сүрген;
VІІғ. – Батыс Жетісуды мекендеп, Түрік қағанатының құрамында болды;
Қарлұқтардың қысымынан Сыр бойын көшкен.
Тайпалық құрамы
Кангар-печенегтер байандұр имур қимақтың бір
бөлігі далалық қай
тайпалар
Үнді-
еуропал
ықтар фин-угорлар
Ел (халық, мемлекет)
жабғу
инал
атабектер
Әскербасы Кеңесшілер
Сюбашы күл-еркіндер
Қоғамдық құрылысы
Халық жиналысы Қаңқаш кеңесі
(жылына 1 рет) (шонжарлар)
Ел басқарудың ең жоғарғы орны
Ұлы Құрылтай жиналысы Кіші Құрылтай жиналысы
қаған
оң – «боз оқ» сол – «үш оқ»
Саяси жағдайы
Сыртқы саясаттағы мақсаттары Оғыздар Еуразияның саяси өміріне араласқан
Қара теңіз, Дон өзені бойындағы 965ж.- Киев Русінің князі Святославпен
жайылымды иемдену; одақтасып, Хазарияны талқандады;
Маңғыстау, Үстірт, Еділ бойымен өтіп, 985ж.- кінәз Владимирмен
одақтасып,
Еуропаны Азиямен байланыстыратын Еділ Бұлғариясын жеңді;
сауда жолдарына шығу. 1041ж.- Хорезмді жаулады;
1043ж.- Шахмәлік селжұқтардың қолынан
. қаза тапты.
Оғыз мемлекетінің әлсіреу себептері:
Селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар;
Ішкі тартыстар;
Қыпшақ тайпаларының шабуылдары.
Шаруашылығы
Жартылай көшпелі, жартылай егін
шаруашылығы кәсіпшілік пен қолөнер
отырықшы мал шаруашылығы
Төрт түлік мал ұстаған, қаракөл Суармалы егін шаруашылы- Мал өнімдерін өңдеген
қойын, айыр өркешті ірі түйе ғымен айналысқан. құрал-жабдық, қару-
тұқымын көп өсірген Арық-тоғандар қазған. жарақ, тұрмысқа
қажетті бұйымдар жасаған.
Дамыту.
І. «Естігенімді – ұмытамын,
Көргенімді – есте сақтаймын,
Өзім істегенді – меңгеремін». (Қытай данышпаны Кун-фуцзы)
Мәтіннің негізгі жері Неге?
ІІ. Ойлан, тап!
Құрылу тарихы
10
20
30
40
50
Қоғамдық құрылысы
10
20
30
40
50
Саяси жағдайы
10
20
30
40
50
Шаруашылығы
10
20
30
40
50
Құрылу тарихы:
1. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген жылдары (ІХғ.соңы-ХІғ.басы)
2. Мемлекеттің орталығы (Янгикент (Жаңа Гузия))
3. Оғыз тайпалары қай жерлерде мекендеген? (Сырдарияның орта және төменгі
ағысы)
4. Құрамындағы тайпаларды ата. (байандұр, имур, қай, үнді-еуропалықтар, фин-
угорлар, қимақ тайпаларының бір бөлігі)
5. М.Қашқари және әл-Марвази деректері бойынша тайпалар саны. (24 және 12)
Қоғамдық құрылысы:
1. Жоғарғы басшысының лауазымы (жабғу)
Жабғудың кеңесшілері қалай аталады? (күл-еркіндер)
Шонжарлардан құралған кеңес. (қаңқаш)
Ұлы құрылтайда қаған ұлдарының бекітілген орындары («боз оқ»-оң, «үш оқ»-сол)
Оғыз мемлекетіндегі ел билеген қағандар. (Әли хан, Шахмәлік)
Саяси жағдайы:
1. Оғыз мемлекеті кімдермен соғыс жүргізді? (печенегтермен, хазарлармен,
бұлғарлармен, салжұқтармен, Хорезм мемлекетімен)
Хазарияны қай жылы талқандады? (965 жылы)
Бұлғарлармен соғыс жүргізгенде кімдермен одақтас болды? (кінәз Владимирмен)
Оғыздардың соғңыс жүргізудегі негізгі мақсаты не? (Қара теңіз, Дон өзені бойындағы
жайылымды иемдену, сауда жолдарын ашу)
Мемлекеттің әлсіреу себептері. (селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар, ішкі талас-
тартыс, қыпшақ тайпаларының шабуылдары)
Шаруашылығы:
1. Қандай шаруашылық түрлері дамыды? (мал және егін)
Малдың терісінен қандай бұйымдар дайындалған? (аяқ киім, ыдыс, садақтың қабы,
қорамсақ, ат әбзелдері, торсық, саба, мес, т.б.)
Малдың жүнінен жасалған тұрмыстық бұйымдарды ата. (киім, киіз, текемет, кілем,
арқан, көген, желі, т.б.)
Оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіретінін жазған кім? (Ибн Хаукәл)
Қажетті бұйымдар, сәндік заттар қай жерлерден табылған? (қоныстары мен
зираттарынан)
Бекіту. Биопоэма
Объект (зат есім)
Объектіге сипаттама (сын есім)
Объектінің басқалармен қарым-қатынасы
Объектінің қорқатын заттары
Объектінің жақсы көретін заттары
Объектінің жетістіктері
Объектінің құрметтейтіні
Қорыту. Тәуелсіз Қазақстан – жасампаздықтың, келісімнің және бейбітшіліктің 20 жылы
Үйге тапсырма.
1. Тақырыпты оқу;
2. «Оғызнама» дастанын тауып, оқу, шағын тарихи әңгіме құрау.