Конспект урока "Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы" 7 класс

Сабақ жоспары
Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сынып: 7 «Г»
Күні:
I бөлім Бірінші тарау
V-X ғасырлардағы Батыс және орталық Еуропа
Тақырыбы: § Ежелгі Герман тайпалары және Рим империясы
Мақсаты: Герман тайпаларының Батыс Рим империясы аумағына
басып кіру себептерін,соның нәтижесінде феодалдану процесінің
басталуын ашып көрсету
Оқытушылық Герман тайпаларының халықтардың ұлы қоныс
аударуына дейінгі және одан кейінгі қоғамдық даму деңгейі, олардың
шаруашылығы,Рим империясының құлауындағы ғұндардың рөлі ,франктер
мемлекетіндегі басқару , жер иелену және дін мәселелермен таныстыру
Тәрбиелік Ғұндардың әлем тарихында алатын орнын анықтай
отырып құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық – Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізіп пікір айтуға
бейімдеу, ойларын қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілік: V-X ғасырлардағы Батыс және орталық Еуропа елдерінің
атласы
Сабақ түрі: аралас.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақырып жоспары:
1.Герман тайпалары және олардың Рим империясына басып кіруі
IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады.Оның бірнеше себебі болды:
Ең бастысы-құлдар еңбегінің тиімсіздігі. Сонымен қатар билік
басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек,қару жарақпен қамтамасыз
етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан –жылға
өсті.Тойымсыз дінбасварларға деген наразылық қалын бұқара арасында
күпірлер қозғалысын туғызды.
Рим империясы 395 ж
Вестготтар(батыс готтар) Остготтар(шығыс готтар)
378ж-
410ж-
418ж-
429ж-
47- Құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы
2.IV- V ғасырлардағы ғұндар
Батыс Рим империясының құлауына ғұндар себепші болды.
Ғұндар өздерінен әлдеқайда мықты Рим империясын қалай жеңді?
451ж-
3. Франктер мемлекетінің құрылуы
486ж-
Ақиқат
4. Мемлекеттік басқару
5. Жер иелену
Аллод-
Колондар-
Құлдар-
6. Франктердің христиан дініне енуі
498ж-
Франктер неліктен христиан дінін қабылдады? Дәлелде.
ІІІ-Бекіту
1.Германдық франк тайпасы Батыс Рим империясының жеріне қашан
басып кірді? Салдары қандай?
2.Құлиеленуші қоғамның құлауына ғұндар қандай үлес қосты?
3.Франктер мемлекетінің басты міндеттері қандай болды?
4. Франктердің христиан дінін қабылдауына не себеп болды?
IV- Бағалау
V-Үйге тапсырма
Еділ патша туралы мәліметтер әкелу.
король
Сот, жасақшылар, графтар
Шаруалар
құ