Конспект урока "Қазақстан - Егемен мемлекет" 5 класс

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 55. Қазақстан-Егемен мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік
алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды
түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы
жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын
анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи
оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам
алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне
деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы, Н. Ә.
Назарбаевтың суреті.
Сабақтық барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын сұрауды
бастаймын. Үй тапсырмасын карточқалық сұрақтар арқылы тексеремін.
Сұрақтар:
1. Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымындағы орнын анықта.
2. Қазақстан мәдениетінің дамуының басты факторлары қандай?
3. Қазақстанда өнер, әдебиет саласындағы қандай жаңашыл іс-әрекеттерді
білесің?
Осындай проблемалық сұрақтары бар карточқаларға оқушылар жауап
береді. Жұмыс дәптерлерін тексеруге жинап аламын. Өткен тақырыпқа шолу
жасай отырып оқушылардың жауабын толықтырып, үй тапсырмасын
қысқаша қорытындылап шығамын.
III. Жаңа сабақ.
Үй тапсырмасын тексергеннен кейін жаңа сабаққа көшемін.
Жаңа сабактың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады.
Материалды түсіндіру жоспары:
1. КСРО-ның ыдырауы.
2. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.
3. Н. Ә. Назарбаев.
Кіріспе сөзде отар, тәуелсіздік, егемендік, одақ сөздеріне түсінік беріп
оқушылардың дәптерлеріне жаздырамын.
Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде
пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты түсіндіремін.
1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15
одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен
қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана
Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын
қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген
қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола
алмады. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл
империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының
келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.
1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы
республиқалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды.
Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда
болды.
Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті
мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас
орнаткан.
Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
туралы не білетінін сұраймын.
1. Президенттің басты қызметі қандай?
2. Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?
Бұдан әрі ҚР Президенті Н.Ө. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп
беремін.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы
Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары
техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург.
Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия
комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық
қызметтерге дейін көтерілген.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент
сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан
Респубикасының Президенті сайланды.
Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі.
Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар
Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.
Қорытынды кезең
Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын.
1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.
2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?
3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?
4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп
ойлайсың?
5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?
6. Президент мемлекет үшін кім?
Оқушылардан жауап ала отырып бүгінгі такырыптың негізгі
мәселелерін қамтып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 55-параграфты оқу. Тәуелсіз Қаз. жайында шағын әңгіме
жазу.