Конспект урока "Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы" 7 класс


7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
- Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының
құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып,
мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
- Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра
отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
- Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан
сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-
ІІ. Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?
Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?
Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?
Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?
Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Түркі қағанатының құрылуы жіне жер аумағы.
2. Халқының этникалывқ құрамы.
3. Шаруашылығы мен мәдениеті.
4.Түрік қағанатының ыдырау себептері.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1. Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?
2. Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?
3. Түрік қағанаты қашан құрылды?
4. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрапқтарының басты мақсаты не
болды?
5. Түрік халықы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай
ұқсастықтар бар?
6. Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?
7. Түрік қағанатының ыдырауы басты сеюептері неде?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:
параграфты оқу, №1 кестені толтыру,картамен жұмыс жасау.
Осы сабақтан бастап оқушыларға материалды терең меңгерту мақсатымен
оқушылардың ерте ортағасырлық мемлекеттердің негзгі оқиғаларды есте сақтауына
көместесетін «қазақ жеріндегі ерте ортағасырлық мемлекеттер» атты №1 кестені
толтыруды ұсынамын
Мемлекет
атауы
Өмір
сүрген
уақыты
Орналасқан
аумағы
Әлеуметтік
этникалық
құрылым
Қоғамдық
басқару
жүйесі
Саяси
жағдайы
Шаруашылығы