Конспект урока "XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары" 5 класс

Тақырыбы: « XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары »
Өтілген күні: 06.02.2009ж. Сыныбы: 5
«г»
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің
іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отыра оның қазақ
тарихындағы орны, ерліе істері жайындағы білімдерін арттыру.
Дамушылық: Қозғалыстардың себеп-салдарын, тарихи маңызын анықтай білуге,
сонымен қатар өзі бетінше оқу, ой қорту дағыдыларын қалыптастыру, танымдық ой
өрісін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын сүюге, патриотизімге тәрбиелеу, өткен
тарихқа,ұлы тұлғаларға құрметпен қарауға, олардың ерлік істерін үлгі ете білуге
үйрену.
Көрнекілік: Исатай, Махамбет, Кенесары портреттері.
Әдісі: Аралас
Түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып дайындыңын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: $ 33. Оқып әнгімелеп беру.
1-ші карточка сұрақтары
1. Абылай кім?
2. Сабалақ тың өмірін әңгімелеп бер?
2-ші карточка сұрақтары
1. Абылайдың ресми түрде таққа отыруы?
2. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттары қандай?
3-ші карточка сұрақтары
1. Әбілмансұрдың Сабалақ атануын әңгімелеп бер?
2. 2. Сабалақ қалай Абылай атанды?
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?
а)1718 ж; ә)1715 ж; б) 1713 ж; в) 1711 ж;
2. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?
а) 1771 ж; ә) 1781 ж; б) 1731 ж; в) 1733 ж;
3. Абылай Сабалақ атпен қай жылы көзге түсті?
а)1781 ж; ә) 1711 ж; б)1730 ж; в)1715 ж;
4. Абылай хан қай жылы қайтыс болды?
А)1731 ж; ә)1781 ж; б)1718 ж; в)1711 ж;
Жаңа кезең:
Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдың 1-жарытысындағы Кенесары Қасымұлы
бастаған және Ішкі ордадағы 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар
туралы мағұлымат беру.
Жоспар
1. Ұлт-азаттық қозғалыстардың себептері және мақсаты.
2. Қозғалыстардың сипаты, қозғаушы күші.
3. Көтерілістердің басшылары.
4.Көтерілістердің барысы және жеңілу себептері.
5. Көтерілістердің тарихи маңызы.
Әр топқа әзірленген тапсырма
1-ші топ тапсырмасы
1. Кенесарының туған жері, жылы.
2. Кенесарының шығу тегі.
3. Кенесары қандай адам болған?
4. Ресей өкіметіне көзқарасы.
2-ші топ тапсырмасы
1. Кенесарының алғаш көтеріліске қатысуы, өзінің қолбасшылық етуі.
2. Азаттық күрес кезінде Кенесарыға қолдау көрсеткендер.
3. Кенесарыны хан көтеруі, әскери тәртібі.
4. Көтерілістің жеңіліс табуы, Кенесарының қаза болуы.
3-ші топ тапсырмасы
1. Бөкей Ордасындағы Исатай мен Маханбет бастаған халық азаттық көтеріліс
себептері.
2. Бөкей Ордасының територриясы
3. Исатай жайлы не білесің
4. Махамбет кім? Оны көтеріліс кезіндегі ролі
Бекіту кезеңі
Жылдарын сәйкестендіру
1804-1846 жыл
1802-1847 жыл
1791-1838 жыл
Болған оқиға мерзімі
Тарихи оқиғалар
Кенесары өзі көтерілістің қолбасшысы
болды
1837-1847жыл
Кенесары Сержан бастаған
күрескеқатысты
1836-1838 жыл
Кенесарыға туыстары және батырлар
қолдау көрсетті
1836 жыл
Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына
қарсы халық- азаттық көтерілістің басты
себебі жер мәселесі болды
1825 жыл
Толықтыру тесті
1. Абылай қайтыс болғаннан кейін ----------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------Әлсірей бастады.
2. 1820 жылдары Ресей үкіметі енді ------------------------------------------ --------------
-----------------------------------------------------------------------------------сала бастады.
3. Кенесары хан қазақ ---------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------басқарды.
4. Исатай қазіргі ----------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------келген.
5. Көтерілістің шарықтау шағында-----------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------жетті.
6. Исатайдың сенімді серігі әрі----------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------дүниеге келген.
Үй тапсырмасы:
1.$34 115-117 бетке дейін оқу.
2.Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
3. Бағалау.