Практикум. Аралас құжаттар құру

Сабақ жоспары
Сыныбы: 5 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру
Мақсаттары:
- Оқушыларды мәтін жазу ережелерін, мәтінді мен графикалық ақпараттарды
редакциялауды және пішімдеу тәсілдерін қолдана отырып, аралас құжаттарды
құра отырып , жұмыс жасауға машықтау
- Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,
белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін
дамыту.
- жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке,
компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын материалдар: презентация, видео, электронды тест,
электронды тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Құрметті оқушылар. Қазақстанның болашағы сіздерсіз – жауапты да жігерлі,
білімді, ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтайтын ұрпақ.
Үй жұмысын тесеру
1. Иә және Жоқ ойыны
Сонымен балалар осы уақытқа дейін қандай тақырыппен танысып жатырмыз.
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса мына төмендегі сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп
қысқаша жауап беріп кетейікші:
Компьютерде ақпаратты қағаз бетіне басып шығару үшін пернетақта
қолданылады.
Ақпарат дегеніміз – қоршаған орта туралы мәлімет.
Wordpad пуск – все программы – стандартные wordpad командалары арқылы
іске қосылады.
Файл-Создать командалары арқылы құжатты сақтаймыз.
Файл-Көшіру командалары арқылы мәтінді туралауға болады.
Num Lock пернесін басу арқылы сандарды іске қосып, ажыратамыз.
WordPad қарапайым мәтіндік редактор тобына жатқызуға бола ма?
WordPad редакторонда уақыт пен күнді өзгертуге болмайды?
WordPad терезесінде тақырып жолы бола ма?
WordPad терезесінде «Пішімдеу» құралдар үстелі бола ма?
2. Пернелерге саяхат
Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым.
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым.
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші, достарым!
Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да кіші әріп қайтемін?
Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps Lock )
Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің?
(Бос орын)
( Shift + Alt )
Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын?
(Shift + Т )
Тақырыпқа байланысты тапсырмалар
1.Талдау тапсырмалары
Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып , компьютерде орындаңдар
1. Өнер алды-..............
2. ..................., қол батыр.
3. Аяз .......... , құмырсқа .......... біл.
4. .......... зор байлық.
5. Әке- ............ тау , ......... –шалқар көлің.
2.Жинақтау тапсырмалары
Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде
теріп, жаз.
3.Аралас құжат құру
Кітаптан 188 бетті ашамыз, А деңгейлі тапсырманы оқып орындаймыз:
Шежіре ағашы
1.Paint графикалық редакторында ағаштың
кескінің салыңдар. Ол мынадай болуы мүмкін.
2. Суретте фигуралар стрелкалар қолданыңдар
3. Сақтаймыз, көшірмесін Word Pad мәтіндік
редакторына көшіріңдер.
4. Суреттің алдына «Менің отбасым» деген
тақырыпты қойындар.
5. Төменге өз аты-жөніңді жаз, сақта, терезені
жап.
6.Сақтаған құжаттарынды қайтадан ашыңдар.
4.Қорытындылау тапсырмалары
Тест тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл
түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Материалды қайталау
“Менің досымтақырыбына шығарма жазып келу