Конспект занятия "Көңілді информатиктер" 10 класс

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі
Тақырыбы: «Көңілді информатиктер»
Математика және жаратылыстану ЦӘК отырысында қаралды
Хаттама № ___ « _» __ 2018ж.
ЦӘК төрайымы ________________ Н.Х.Мырзагалиева
Пән мұғалімі: Мухтарова А.С
Орал-2018ж.
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді информатиктер» сайысы
Сабақтың мақсаты: студенттердің ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген
қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау,
толықтыру, өмірмен байланыстыру, кәсіби бағдар беру;
Дамытушылық: шығармашылыққа, ортақ іс үшін жауапкершілікке, қарсыласты
сыйлауға, топта жұмыс істеуге, тапқырлыққа, нәтижелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін
арттыру, логикалық ойлауын дамыту, өз бетімен жұмыстануға үйрету;
Көрнекі құралдар: мультмедиалық проектор, компьютер, слайд, топшамалар
Сабан түрі: сайыс
Сабақтың барысы:
І. кезең. «Білімді мыңды жығар»
ІІ. кезең. «Өзге тілдің бәрін біл»
ІІІ. кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»
ІV. кезең. «шарықтау шыңы»
V. кезең. «кім жылдам»
Сәлеметсіңдер ме, сайысқа қатысушылар! Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар, сендердің компьютерлік сауаттылықтарынды танымдық, логикалық
қабілеттеріңді арттыру мақсатында «Көңілді информатиктер » сайысын өткізгелі
отырмыз.
Бұл сайыста сендер өздеріңнің білімдеріңді сынайсындар және көптеген
ақпараттармен танысып олардың шешу жолдарын жасап айқындайсыңдар. Ендеше
сайысқа қатысушылар осы сайысты әрі қарай жүргізу үшін бүгінгі біздің сайысының
жүргізушілері мен таныстырып кетейін:
224К тобы студенті: _______________________
221к тобы студенті: ________________________
Бұл сайысты әрі қарай жүргізушілер жалғастырады. Жүргізушілер сендерді сайыстың
кезеңдерімен таныстырады. Сөз кезегін жүргізушілерге беремін.
Жүргізуші 1. Бүгінгі біздің «Көңілді информатиктер » сайысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші 2. Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер басталық сайысымызды қатысушылар - дей келе
сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс 5 кезең бойынша өткізіледі.
І. кезең. «Білімді мыңды жығар»
ІІ. кезең. «Өзге тілдің бәрін біл»
ІІІ. кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»
ІV. кезең. «шарықтау шыңы»
V. кезең. «кім жылдам»
Жүргізуші 1. «Көңілді информатиктер» сайысына қатысушы оқушылар «Компьютер»
және «Интернет» деп аталатын екі топ бүгінгі ойынымыздың бастайды. Олардың
топтарға қойылатын тапсырмаларды бірлесіп ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Жүргізуші 2.
Компьютерлердің сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін
әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Колледж әдіскері-Айымгул Тулегеновна
2. Химия биология пәндер оқытушысы-Нурзада Ханзадаевна
3. Математика пәні оқытушысы Сауле Булатовна
Жүргізуші 1. Ендеше 1 курс студенттері арасында өткізгелі отырған «Көңілді
информатиктер » сайысын бастайық.
І. кезең. «Білімді мыңды жығар». Бұл бөлімде берілген ұрақтарға тез жауап беру керек. Әр
сұраққа бір ұпай
Жүргізуші 2. ІІ. кезең. «Өзге тілдің бәрін біл» сайсының екінші кезеңі «Ғажайып
ұяшықтар» деп аталады. Ойын шарты бойынша бұл бөлімде сұрақтарға тез жауап беру
керек. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын
айтады. Егер сұрақтың жауабынан қателессе, онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіндік
бар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Қоршаған ортадан алынатын және оған берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
(Ақпарат-информация-information)
2. Терезені жабу батырмасының аты? (жабу-закрыть-close)
3. Дүниежүзілік компьютерлік желі қалай аталады?(интернет-интернет-internet)
4. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы(терезе-окно-windows)
5. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат?(кесте-таблица-table)
6. Компьютер жұмысын басқаруды жеңілдететін құрылғы қалай аталады? (тышқан-мышь-
mouse)
7. Ақпаратты өңдеудің негізгі құралы қалай аталады?(компьютер-компьютер-computer)
8.Курсордың сол жағындағы символдарды өшіруге арналған перне. (қайтару пернесі,
клавиша возврата, backspace)
Жүргізуші 1
Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра, басшы, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең, келесі ойын кезеңін бастаймыз?
Жүргізуші 2.
ІІІ. кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Ойынның шарты бойынша 4
минутқа компьютерден стамина бағдарлама бойынша 590 сөз жазылу керек 4 минут
ішінде. Егер 4 минут ішінде жазылса 10 ұпай, 5 минут жазылса 5 ұпай беріледі.
Ән: Алға Қазақстан 123ТК топ студенті Конақбай
Жүргізуші 1. Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра, басшы, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең
ІV. кезең. «Шарықтау шыңы». Бұл бөлімде Түс арқылы таңдалған салада компьютердің
қолданылуын айтыңыз.Яғни екі тус беріледі.
Жүргізуші 2.
Тартысайық көкпарды
Кiмнiң ойы мықты екен?!
Кiмнiң күшi аздау боп,
Кiм озып алға шықты екен?
V. кезең. «Кім жылдам» бөлімі. Таңдалған әріптен басталатын информатикалық
терминдерді айтыңыз. (2 минут уақыт беріледі)
Жүргізуші 1. Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі
сайысымыздың жеңімпазы қай топ екенін анықтау, үшін әділ-қазылар алқасының жалпы
ұпай санау уақытына бөлінеді.
Әділқазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Жүргізуші 2. Осымен «Көңілді информатиктер» атты сайысын сайысымызды аяқтаймыз.
Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!