Конспект урока "Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік" скачать


Конспект урока "Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік"

Сабақ жоспары №
Күні_______________ Пән __Информатика __________тобы_______________________
Оқытушының аты жөні Ахметжанова Гулнар Сайлаухановна
І. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік
Сабақтың типі жаңа білім меңгеру сабағы
1.Мақсаты: оқушыларға Microsoft Word 2013 мәтіндік процессордың қызметі мен міндеттерімен
таныстыру. Мәтінік процессордың терезесімен және де қосымшаларымен жұмыс жасауды
үйрету
2. Міндеттері:
а) білімдік: мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін үйрене отырып, мәтіндік
ақпараттарды форматтау режімдерін меңгеру;
ә) тәрбиелік: еңбек әрекетіне, өзбетінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктерін дамыту;
ІІ. Күтілетін нәтиже
а) оқушылар білу керек : Microsoft Word –тың негізгі нысаналары мен оның басқару жодарын
ә) оқушылар құндылық бағдары болуы: Оқушылардың ақпараттық технологиялар
шығармашылық белсенділігін арттыру, КТ ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу
б) оқушылар меңгеру керек: Microsoft Word пен жұмыс жасауды, мәтін теруді, оларды пішімдеуді
ІІІ. Құралдар: Дербес компьютер, тапсырмалар парағы, сенсорлық тақта, терминологиялық
сөздік
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білім, білік, дағдыларды актуализациялау
- Баяндама қорғау
- Видео сұрақ
- Венгр сөзжұмбағы
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІV. Қорытындылау. Бағалау
V. Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
Ход урока:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Қайталау: Баяндама қорғау “Антивирус бағдарламаларының түрлері
Интерактивті тақтадағы видеосұрақтарға жауап беру.
1-сұрақ: Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар қалай аталады?
Жауабы: Компьютерлік вирустар
2-сұрақ: Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
Жауабы: 3
3-сұрақ: Макровирустар деген не?
Жауабы: Құжат файлын ашқанда жұғатын вирус