Сабақтың тақырыбы: MS Word графикалық редакторының мүмкіндіктері.

Сабақтың тақырыбы: MS Word графикалық редакторының
мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мәтінге Clip Gallerey программасынан
файлдан, сканерден және Word Art объектілерін
енгізуді үйрету. Редактормен жұмыс жасау ережелерін
практикалық сабақта бекіту, тақырып бойынша алған
білімдерін деңгейлік тапсырмалар орындау
барысында пайдалана білу;
б) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,
төзімділікке, оқу жүйесіне жауапкершілікпен қарауға, өз
бетімен жұмыс істеуге, тәртіптілікке тәрбиелеу;
в) Дамытушылық: Оқушылардың информатикаға
деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін,
«тышқанмен» жұмыс істеу мүмкіндігін, алған білімді
тиімді пайдалануға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың типі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиа
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеру, техника
қауіпсіздік журналын толтыруы
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау
Оқушылар, біз теориялық бөлімде Word тың графикалық
мүмкіндіктерімен таныстық. Ал бүгінгі практикалық сабағымыздың
мақсаты Clip Gallerey редактормен жұмыс жасау ережелерін бекітіп
аламыз. Оны біз практика түрінде көрсетеміз. Бүгінгі сабағымыз ойын
түрінде болмақ. Біздер саяхатқа шығып аралға жетуіміз керек, ал
аралға жету кезинде бірнеше кедергілер болады солардын өтип
аралға бірінші жетілеріңіз керек, Біз 4 топқа бөлінеміз, әр топта 2
оқушыдан. Сапарға кім қай кемеде кіммен шығатының анықтау үшін
Құстар
Көкөністер
Аңдар
Жемістер
сіздерге мына жердегі әр түске боялған әдемі жұлдызшыларды таңдап
өз жұбымызды табайық. Бір бірімізбен жарыса отырып, алдымыздағы
ғажайып аралға жетуіміз керек (оқушылар таңдайды 1,2,3,4 топ, өз
орларына жайғасады);
ІІІ. Өткенді қайталау
Ал, балалар сапар алдында тағыда бір білімізді тексерип алайық:
І кезең «Ой қозғау»
(дұрыс жауаптары экранға шығып тұрады)
1. Word мәтіндік реадкторы қандай объектілер енгізуге болады?
2. Объект енгізу қандай командалардың көмегімен орындалады?
3. Суреттер командасының қандай мүмкіндіктері бар?
4. Файлдан объекті енгізу командасының қандай мүмкіндіктері бар?
5. WordArt объектілерін енгізу командасының қандай мүмкіндіктері
бар?
6. Автофигураның қандай мүмкіндіктері бар?
7. Сканерден объекті енгізу командасының қандай мүмкіндіктері
бар?
8. Диаграмма командасының қандай мүмкіндіктері бар?
(Балалар жауап берулеріне қарай, кім дұрыс жауап берді соған
дөңгелек беріліп отырамын)
ІІ кезең «Топтастыру»
Алдымызда тағы бір сын тұр (оқушылардың назарын өздерінің
компьютерлерінде сақталған «Топтастыру» атта құжатты
ашады). Мына аңдар мен құстарға, жемістер мен көкөністерге біздің
көмегіміз керек екен, бұларды өз топтарына топтастырып кетейік,
бастайық (Бірінші болған топтын ішінен біреуін шығарып,
мультимедиада көрсетуі керек, әр топ әр-түрлі амалдарды
пайдалану)
ІІІ кезең Сергіту сәті
Бәрімізде жақсы келе жатырмыз, шаршаған шығарсыздар,
сондықтан қазір қауіпсізідк ережесін ақтай отырып көзге жаттығу
жасап алайық. Өздеріңізді еркін ұстап:
1. Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып қараңдар;
2. Бастарынды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені
белгілеңдер. Алысқа қадалып қараңдар;
ІV кезең «Кім тапқыр»
Алдымыздағы келесі кедергіні ойдағыдай меңгерсек, ғажайып аралға
да жетіп қаламыз. Ол үшін мына әр түске боялған төртбұрыштін
біреуін таңдап, оның ішінде жұмбақтын шешімін Paint графикалық
редакторының көмегімен сурет салып, Word редакторына кірістіру
(экранда әр түске боялған төртбұрыштар орналасқан, оларды
таңдап жасырылған жұмбақ ашылады)
(дұрыс жауап берген топқа дөңгелектер беріліп отырады)
V кезең «Құтықтаймын сені»
Балалар біз кедергілерден өтіп келгенде, сапарға шығар алдындағы
ұмытып кеткен құттықтауларымыз жіберу сәті тұр. Соны пайдаланайық
келесі кезеңіміз жақын досымызға әдемі «Құттықтаулар» жазу.
(Экранда бірнеше мерекелер күні көрсетілген, сонын ішінен өздеріңіз
бір мерекені таңдап алу). Бастайық
VІ кезең Қорытынды
Ал, Біз бүгінгі негізгі мақсатымыз аралғада жеттік, ал енді балалар біз
осы кедергілерден өте келгенде нені білетін едік, нені білдік, нені
білгіміз келеді деген жауаптарымызды мына кестені толтырайық:
Нені білетін едік
Нені білдік
Paint графикалық
редакторында сурет
салуды
WordPad
программасы
Wordтекстік
редакторы
Құжаттармен жұмыс
жасауды
MS Clip Gallery
коллекциясынан
алынған суреттерді
кірістіруді
Автофигура
командасымен
қолдануды
Paint та жасалған
суретті текстік
редакторға енгізуді
үйрендік
WordArt объектілерін
енгізуді
VII кезең Бағалау
Әр топтың ұпайларын саналып, жеңіске жеткен топ анықталып,
бағаланады
VIIІ кезең Үйге тапсырма