Конспект урока "Денім сау болсың десең" 5-7 класс скачать бесплатно

Конспект урока "Денім сау болсың десең" 5-7 класс


Тақырыбы: «Денім сау болсың десең...» (эстафеталық ойын)
Мақсаты: «Бірінші байлық -денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре
отырып,салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылар: 5,6,7 сынып оқушылары
Жабдықтар: доп, скакалка, түрлі кедергілер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Топ басшылары бірінші команданы таныстырады: аты, ұраны және
форма
- Топтарға сұрақ:
1. Денені шынықтыру дегеніміз не?
2. Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
3. Салқын суға шомылудың қандай пайдасы бар адам ағзасына?
4. Ұлттық ойындарға не жатады?
5. «Спорт – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?
6. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген
қандай спортшыларды білесіздер?
7. Өздеріңіз қандай спорт түрлерімен айналысасыздар?
- Ендеше сайысымызды бастайық. Әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
Бірініші эстафета: «Кім жылдам»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
Екінші кезең: Секіртпе жіппен секіру.(скакалка)
Сөре сызығының бойында тұрған команда ойыншылары белгіленген
жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі
ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай
жалғасады.Қай команда жылдам секіріп келсе,сол командаға(10ұпай), келесі
командаға(5ұпай).
Үшінші кезең: Секір де, жүгіре жөнел.
Командалар сап түзеп тұрады. Әр командадан екі ойыншы топ алдына
секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар
кезекпен кезек тез-тез шығып,айналып тұрған секіртпені ілмей секіріп өтеді
де,ары қарай жүгіре жөнеледі.
Төртінші кезең: «Паровоз» ойыны.
Ойын шарты: команда ойыншылары ретсіз орналасып, қолтықтасып тұрады,
осы тізбекпен кедергілер арқылы өту.
Бесінші кезең:
«Қара жорға» биін нақышына келтіріп билеу.
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Қара жорға билесін, - дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың
шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып,
марапаттайды).
- Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың – өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік нашақорлық сенің жауын,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру!