Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар

Спорт жайлы мақал-мәтелдер
1.Денсаулық – зор байлық.
2.Айналдырған ауру алмай қоймас.
3.Ауру атанды да шөктірер.
4.Жарлының байлығы – денінің саулығы.
5.Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.
6.Тәні саудың жаны сау.
7.Әуелгі байлық — денсаулық
8.Екінші байлық — он саулық,
9.Үшінші байлық — ақжаулық.
10. Шынықсаң шымыр боласың.
11. Дені саудың жаны сау.
12.Спорт – бейбітшілік елшісі.
13.Белдессең – бекем бол.
14.Мықтылық мұратсыз келмейді.
15.Күш атасын танымас.
16. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
17.Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
18.Жүйрікте сын жоқ..