Открытый урок "Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі" 7 класс

Сыныбы: 7А Күні: 27.02.2015
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.
Барометр
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Атмосфералық қысымның пайда болу себебін,
атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричелли тәжірибесінің мәнін
түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
ә) дамытушылық мақсаты: Еңбекке, оқуға саналықты, белсенділікті физиканы
объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында түсінігін қалыптастыру.
б) тәрбиелілік мақсаты: Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген
қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту..
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, ой қозғау, стоп кадр,
Сабақта қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, электронды
оқулық, слайдтар, Магдебург жарты шарлары, шприц, стакан, су құйылған
ыдыстар, кеспе қағаздар
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық:
«Достарыңмен амандасу» ойыны (3 оқушының атын жазғызу арқылы)
Алдарыңда жатқан стикерлерге үш баланың атын жазасыңдар, сосын сол
балалармен рет санына сәйкес сәлемдесеміз.
1. Қолынан қысып тұрып тілек айтыңыз.
2. Күлімсіреп, тізе бүгіңіз.
3. Көзіңізді қысып, қол бұлғаңыз.
Оқушылар сәлемдесіп болған соң орындарына жайғасады.
Мұғалім: Балалар біз бүгінгі сабақта жұппен жұмыс жасаймыз, және сабақ соғында
істеген жұмыстарыңа сай бағаланатын боласыңдар. Әр бір тапсырмадан соң
стикерлер таратып беріп отырамын сабақ соғында сол бойынша бағаланады.
Қызыл- өте жақсы «5», қызыл сары- жақсы «4», сары- орташа «3»
Нақыл сөз Біз өмір бойына жететін білім алу” моделінен өмір бойы білім алып
өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты
қолтаңбамызды қалдырайық.
“Білімді азамат ел ертеңі ”
Н.Ә.Назарбаев
Ой қозғау. Үй тапсырмасы.
1. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)
2. Қысымның формуласы? (Р=F/S)
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы? (Р = ρgh)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
5. Заттың неше күйі бар? ш күйі бар)
6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? (ρh)
7. Биіктіктің өлшем бірлігі? (метр)
8. Қатынас ыдыстары дегеніміз не? (құмған, кофе қайнатқыш, шайнек)
9. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме? (Әр
түрлі)
10. Су құбырының жұмыс істеу принципі (су жинағыш, сорғылар,
тұндырғыштар, сүзгі, су құбыры мұнарасы, мұнарада таза су жиналатын
ыдыс, одан үйлерге, тұтынушыларға тармақталған құбыр, үйдегі, пәтердегі
шүмек.)
Білу Семантикалық картаны толтыру
Физикалық шаманың
аталуы
Белгіленуі
Өлшем бірлігі
Формуласы
Қысым
Ауырлық күші
Дененің массасы
Салмақ
Жауаптары
Физикалық шаманың
аталуы
Белгіленуі
Формуласы
Қысым
p
p=F/S
Ауырлық күші
F
F=mg
Дененің массасы
m
m=ρV
Салмақ
P
P=mg
Жаңа сабақ (слайд көмегімен түсіндіріледі).
Атмосфера-грекше атмос-бу, ауа және
сфера-шар деген екі сөзден құралған. Ауа Құрамы: азот - 78%, оттегі - 21%,
көмірқышқыл газы – 0, 03%, басқа да газдар.
Атмосфераның қабаттары:
-экзосфера (10000 км)
-термосфера (690 км)
-мезосфера (85 км)
-стратосфера (50 км)
-тропосфера (6-20 км)
Атмосфера бірнеше қабаттан турады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы
қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера газ - сондықтан ол
Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның
салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
«Біз ауа мұхитының астында өмір сүріп жатырмыз...”
Эванджелиста Торричелли
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алағаш итальян
ғалымыЭ. Торричелли ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж.
Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы
бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен
толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа
саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз
кеңістік — торичелли бостығы” пайда болады. Мұндағы сынап бағанының
биіктігі (ыдыстағы сынап деңгейі) 760 мм еді. Егер бұл қысымдар тең болмаса,
сынап тепе-теңдікте болмас еді. pсынап>pатм болғанда сынап түтікшеден табаққа
төгілер еді, ал pатм>pсынап болғанда түтікше бойымен жоғары
көтеріледі.Сондықтан ауа қысымын сынап бағанының сәйкес биіктігімен (әдетте
мм арқылы берілген) өлшеуге болады.Мысалы, егер қандай да бір Жерде
атмосфералық қысымы 760 мм сын. бағ тең десе, онда бұл жердің ауа қысымы
биіктігі 760 мм вертикаль сынап бағаны түсіретін қысымына сәйкес келеді. Сынап
бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса
қысым да аз болады.Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге
вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды өлшеу құралы — сынап
барометрі(грек сөзі “барос” — ауырлық) пайда болады.
Магдебург жарты шарлары. 1654 ж. атмосфералық қысымның бар екеніне көз
жеткізу үшін Герике “Магдебург жартышарларымен” өзінің атақты тәжірибесін
жасады. Тәжірибенің көрсетілуіне император Фердинанд ІІІ және Регенсбург
рейхстагының мүшелері қатысты. Олардың көзінше өзара біріктірілген екі жарты
шарлардың қуысынан ауа сорылып алынады. Осы жарты шарларды атмосфералық
қысым күші бір - біріне жабыстырғаны сонша, оларды бірнеше жегулі аттармен
ажырату қиын болды
Барометр-анероид
ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли
ойлап тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види
жаңа сұйықсыз барометр жасап шығарды, олбарометр-анероид деп аталды
(“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз). Сынапты барометрлермен салыстырғанда
барометр-анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен
мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді. Дегенмен, ол әрі
портативті және сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі
пайдаланады. Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар
болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын
болжауға қажет.
Стоп кадр. Барометрдің жұмыс істеуі туралы видео көрсету.
Түртіп алу. Оқулықпен жұмыс. Қысқаша ережелерді дәптерге жазып алу.
Практикалық бөлім. “Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық.” Тәжірибе
жасау
Тәжірибе:
1. «Төңкерілген стақан» Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып
төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның
қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз
тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.
2. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға
қолыңды тигізбей алып шығу керек. Ол үшін стақанды қайнаған суға малып
аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді. Себебі:
Стақандағы ауа салқындай бастайды. Сол кезде атмосфералық қысым суды жоғары
қарай көтереді.
3 тәжірибе.(Түгел сынып оқушылары)
Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға
батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
4 - тәжірибе.(Түгел сынып оқушылары) Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар
ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан
жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле
бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым.
Есептер шығару.
Қай жұп өте жақсы деген баға алғысы келсе сол жұп үш есеп, жақсы деген
баға алғысы келсе екі есеп, қанағат деген баға алғысы келсе бір есеп
шығарады.
1. Массасы 480 кг гранит плита ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м тірек үстінде жатыр.
Гранит плитаның тығыздығы 2600 кг/м
3
. Плитаның топырыққа түсіретін қысымын
анықтаңдар.
2. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 20 см
2
. Оған әсер ететін күш
400 Н. Үлкен поршеньнің ауданы 300 см
2
. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
3. Керосин бак түбіне 1600 Па қысым түсіреді. Бактағы керосиннің биіктігі
қандай?. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м
3
.
Бекіту сұрақтары
1. Жердің бетінің ауа қабығы... Атмосфера
2. Атмосфера – грекше... Атмос - бу, ауа, сфера - шар
3. Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? Тропосфера
4. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым? Э. Торричелли
5. Атмосфера барлық денелерге.... түсіреді. Қысым
6. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал … Барометр
Рефлексия . “Табысқа жету баспалдағы” стратегиясы
Үйге тапсырма: § 40, 149-152 бет
- Тақырып бойынша тест құрастыру
IX. Рефлексия: Өз жұмысыңа баға беру «Табысқа жету баспалдағы»
стратегиясы
Түрлі түсті стикерға өз атын жазып, өзіне керекті баспалдаққа
орналастыруы керек
ІІІ І Тақырыпты білемін
ІІ ІІ Есептерін шығара аламын
І
ІІІ – Басқа да жағдайларда қолдана
аламын.