Конспект урока "Токтың жұмысы мен қуаты" 8 класс

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты: Тұрақты ток заңдарын білу,
білімдерін тұрмыста, техникада күнделікті қажеттілікке қолдана білуге
дағдыландыру. Токтың жұмысы мен қуатын анықтауды үйрету.
Оқушылардың ой – өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге
өзіндік қор жасауға дағдыландыру, теориялық білімдерін практикамен
ұштастыру;
Кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: тыңдап түсіну, деңгейлік
тапсырма, сұрақ жауап жұмысы, практикалық жұмыс
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық
Пәнаралық байланыс: математика
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер,
электрондық оқулық,
карточкалар, амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғағыш сымдар, қыздыру
шамы, реостат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. «Мен не үйрендім?»
Өткен тақырыпты қайталау.
А) «Кім жылдам
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогы пайда болуының шарттары қандай?
3. Электр тогының қасиеттері қандай?
4. Ток күші дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
5. Ток тығыздығы дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
6. Электр қозғаушы күш дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
7. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай айтылады? Формуласы?
8. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді? Формуласы?
9. Өткізгіштерді тізбекке қалай жалғаймыз?
10. Тзбектей жалғау дегеніміз не?
11. Параллель жалғау дегеніміз не?
12. Тізбектей жалғау кезіндегі ток күші, кернеу, кедергінің мәндері қалай
өзгереді?
13. Параллель жалғау кезіндегі ток күш, кернеу, кедергінің мәндері қалай
өзгереді?
14. Толық тізбек үшін Ом заңы, формуласы?
15. Түйін дегеніміз не?
16. Кирхгорфтың бірінші ережесі қалай аталады?
17. Кирхгорфтың екінші ережесі қалай аталады?
Б) «Дәлдеп көзде» ойыны
ІІІ.»Білім шыңына өрлейік»
Жаңа сабақ
Нені білуі тиіс:
Электр тогы жұмысының тұжырымдамасын, формуласын, өлшем бірлігін;
Токтың қуатының тұжырымдамасын, формуласын, өлшем бірлігін;
Практикалық жұмыс жүргізуді;
Не арқылы:
Жетелеу сұрақтарына жауап беру арқылы;
Өлшеулер жүргізу арқылы;
Жеке тапсырмалар орындау арқылы;
Тұйықталған тізбек бойымен электр тогы өткенде, тізбектің ішкі бөлігі – ток
көзіне және тізбектің сыртқы бөлігі – энергия тұтынушыларына энергияның
бірқатар түрленулері болады.
Ток көзінде энергияның табиғаты электрлік емес (Мысалы, механикалық,
химиялық) энергияның электр өрісінің энергиясына, басқаша айтқанда,
электр энергиясына алмасуы болып жатады. Электр энергиясы сыртқы
тізбекте электр тогының жұмысы есебінен энергияның басқа түрлеріне:
өткізгіштің ішкі энергиясына, сәулелену энергиясына, химиялық реакцияның
энергиясына айналады.
Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне
айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтарды орын
ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады.
Өздеріңе белгілі
U = A/q формуласынан A = qU
U тізбек бөлігіндегі кернеу;
A электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы
жұмыс;
q заряд;
t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q = It заряд өтсін. Сонда A =
Iut
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен
уақыттың көбейтіндісіне тең.
Si жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі [Дж]
Ом заңының өрнегін пайдалана отырып, мынадай өрнектерді алуға болады: I
= U/R; A = I2Rt; A = U2/Rt
Уақыт бірлігінде өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып
табылады.
P қуат, [Вт] P = A/t; P = A/t = IUt/t = IU; P = IU
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштігі ток күшін және кернеуді өлшеп,
олардың көбейтіндісін табу керек.
Ом заңының өрнегін пайдалану арқылы
I = U/R P = I2R P = U2/R
1гВт = 102 Вт 1 кВт = 103 Вт 1мВт = 106 Вт
Жылулық әрекетке кететін токтың қуатын пайдалы қуат деп аталады.
Pпай = I2/R Pтол = Аб/ t = ɛI
Толық және пайдалы қуаттың сыртқы кедергіге тәуелділігі
Pтол = ɛI = ɛ2/ R+r ; Pпай = I2/R = ɛ2/( R+r)2 R
Әр ток көзінің ПӘК – і бар. ɳ ПӘК, ɳ этта.
ПӘК деп – бөгде күш жұмысының қандай бөлігін ток көзі пайдалы жұмысқа
айналдырғанын көрсететін ɳ шамасын айтады.
ɳ = Апай/Атол = IUt/ ɛIt = U/ɛ = IR/I (R+r) = R/R+r
Токтың қуатын – ваттметр, ал жұмысын электр санауыш деп аталатын
құралдармен өлшейді.
Электр санауышында ток жұмысының 1кВт∙сағ (киловатт∙сағат) бірлігі
қолданылады.
Қуаты 1 кВт құралда токтың 1 сағатта істеген жұмысы
1кВт∙сағат = 103 ∙ 3600 = 3,6 ∙ 106 Дж
IV. Практикалық жұмыс
Жаңа сабақты пысықтау
Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау
V. Білгенімді зердеме тоқу
«Шапшаңдық сайысы»
1. Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900
Вт. Электроқозғалтқыштың 2 сағат ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін
орамның кедергісін анықтаңдар.
2. Жүк шығырын айналдыратын электроқозғалтқыш 9120 Дж – ге тең жұмыс
атқарады. 4 А ток ішінде 24 Клзаряд өткендегі электромотордың қуатын
табыңдар.
3. Кернеуі 220 В, ток күші 3 А болатын сегіз мұнай мұнарасының
электроқозғалтқыштарының 1 айда жұмсайтын электр энергиясы шығынын
анықтаңдар.
VІ. «Менің ойым» кезеңі
VІІ. Деңгейлік тапсырма
І деңгей:
1. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 15 Ом, кернеуі 120 В, 3 минут
ішінде осы өткізгіште өндірілетін токтың жұмысы?
2. Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с
жұмыс істегенде 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
ІІ деңгей:
Әрқайсысының кедергісі 5 R болатын тізбектің толық кедергісін анықтаңдар.
ІІI деңгей:
1. Біреуі мыстан, екіншісі темірден жасалған көлденең қималарының
аудандары мен ұзындықтары бірдей екі цилиндр өткізгіш параллель
жалғанған. Осы өткізгіштен үшін ток қуаттарының қатынасы қандай?
ρT = 9, 8 ∙ 10-8 Ом∙м ρM = 1, 7 ∙ 10-8 Ом∙м
VІІІ. Формулалар елінде
q ∙ U = ? q = ? ∙ I = ? ∙ ? = A = U ∙ t ∙ ? = U / ? = U / ? = ɛ / r + ? = ? ∙ L / S
ІХ. Қорытындылау
Х. Үйге тапсырма беру
Оқулықтан §9,5 оқу, 19 жаттығу – 1,2.
Тапсырма: үйдегі электр санауыштың 1 күнде жасаған жұмысын анықтау.
ХІ. Бағалау