Конспект "Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар Л. Пастердің тәжірибесі" 9 класс

Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің
пайда болуы туралы теориялар Л.Пастердің тәжірибесі.
Мақсаты:
Білімділік:тіршіліктің пайда болуы туралы, қазіргі көзқарастары туралы оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс арқылы ұйымшылдыққа баулу,тірек-
сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету ,пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде
ықыласпен қарау қажеттігін түсінеді.
Түрі: аралас сипатта
Әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші.
Көрнекілігі: тақта, суреттер, таратпалар,слайд.
Жоспар:
I.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасы:
Терминдердің анықтамаларын тексеру. Жауаптарын карточкаларын көтеріп,
көрсетіңдер.
Қоршаған ортаға организмдердің бейімделушілігі кемуі байқалады, түрлер саны
азаяды, ареал тарылады. (Биологиялық регресс)
Организмдердің жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру.
(Ароморфоз)
Даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, бірқатар мүшелер жойылуы
(Дегенерация)
Қоршаған ортаға организмдердің бейімделушілігі артады, түрлер саны артады,
ареалдың кеңейуі байқалады. (Биологиялық прогресс)
Биологиялық құрылым деңгейі күрделендірмей организмдердің өзіне пайдалы
белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі (Идиоадаптация)
III. Жаңа тақырып.
Топқа бөлу: 5 жауаптарына сәйкес, 5 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту: интербелсенді тақтаға назар аударып, бейнероликті көреді. Осы
жаңалықтардан не түсіндіңдер? Бүгінгі сабақы тақырыбы қандай?
«Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» деген сұрақ адамзатты үнемі қызықтырды.
Жерде тіршілік қалай пайда болды деп ойласыңдар? Жауаптарын мұғалім тақтаға жазады.
Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың
қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған
алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің
пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан
күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Мұғалім 5 топқа 5 мәтін таратады. Әр қайсы мәтінде Жерде тіршіліктің пайда болуы
туралы теория туралы жазылған. Сол мәтінмен жұмыс істеп, постер қорғайды.
1-ТОП. Креационизм теориясы бойынша: “Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында
ерекше құдіретті күш жаратты” делінеді. Креационизм (лат. creatio, creationis
жарату) биологияда органикалық дүниенің көп түрлілігі, теологиялық және
дүниетанымдық түсінік (өмір), органикалық өмірдің негізгі формалары, адамзат, Жер
планетасы, сонымен қатар әлемнің өзі де, Құдай құдіретімен жасалды деп уағыздайтын
көзқарас. Мұндай пікірлер Ежелгі Қытайда, Вавилонияда, Мысырда кеңінен таралды.
Тіпті Еуропаның өзінде осындай пікірлер орта ғасырларда және қайта өрлеу заманында да
орын алды. Бұл болжам бойынша тіршілік Құдайдың құдіретінің арқасында жаратылған
және ол белгілі бір мақсатқа негізделген, оның өзгеруі тек Құдайға байланысты деп
түсіндірген. Бұл көзқарасты швед ғалымы Карл Линней, француз табиғат зерттеушiсi
Жорж Кювье және т.б. қолдады. Олар табиғаттағы сан алуан түрлер өзгермейді, әуел
баста қалай жаратылса сол қалпында сақталады деп түсіндірген.
2-ТОП. Стационарлық жағдай теориясында: “Жер еш уақытта жаңадан пайда болған
жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі” делінеді.
Осы теорияны 1880 жылы неміс ғалымы Вильгельм Прейер ұсынды. Оның пікірі
бойынша тіршіліктің пайда болуы деген сұрақты қоюдың қажеті жоқ. Өйткені тіршілік
мәңгілік. Жер шарын қоршап жатқан қыртысты қабат алып тірі организмдердің
жиынтығы, оның өзіне тәне зат алмасу процесі болады. Кейін бұл қыртысты қабат ұсақ
бөлшектерге бөлініп тіршілік айналымына қатысады да, табиғаттың бейорганилық
құрамын түзеді деп түсіндіреді. Осы теорияны орыс ғалымы В.И. Вернадский де
қолдады. Ол: “тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық
жоқ” деп айтқан екен.
3-ТОП. Панспермия теориясы бойынша «метеориттер мен ғарыштық шаң тозаңдар
арқылы жерге басқа ғаламшарлық тірі организмдер келіп түседі» деген пікір
айтылады. Осы теорияны 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Ганс Рихтер ұсынған. Тіршілік
мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. 1895 жылы швед ғалымы С.Аррениус
панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің
қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді. Бұл
тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде
болды. Неміс дәрігері Г.Рихтер және швед ғалымы С.Аррениус: «Жер бетінде басқа
ғаламшардан өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі» деген
болжам айтқан. Мұндай ойлар қазір де айтылып жатады. Өйткені жерге түскен
метеориттердің сынықтарынан кейде органикалық заттар табылады. Бірақ әлі де жерден
тыс басқа ғаламшарларда тіршіліктің бар екендігі жайлы нақты мәліметтер жоқ.
4-ТОП. Абиогенез теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік
береді. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар
шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты
ұстанды.Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561
1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы
арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған
деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына
ерекше әсер етті.Аристотель мен Бэкон «Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан
жоқ, ол өздігінен өлі денеден пайда болды» деп, бұл пікірге қарсы шықты. Голландиялық
жаратылыс зерттеуші Я.Б. Гельмонт өзінің еңбектерінде: «Тышқандар кір киімнен пайда
болады» деп түсіндірсе, дәрігер Парацельс «адамды қолдан жасап шығарудың әдісін »
ұсынған. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс ғылыми тұжырым жасаған
1924 жылы орыс биохимигі А.И. Опарин және 1929 жылы Джон Холдейн. Опарин өз
еңбегінде: «Тіршілік біздің ғаламшарымыздың миллиардтаған жылдар бұрығы
жағдайларында өлі материядан абиогендік жолменпайда болған » деп жазды.
5-ТОП. Биогенез теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Бұл
ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш
итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген
жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің
бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте
шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф.
Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындар жұмыртқа салды деп дұрыс болжам
айтты. Ф.Реди тәжірибе қорытындысын 1668 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі
материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан бақа, ескі кір шүберектен тышқан
түзілмейтіндігін дәлелдеді. Италиялық табиғат зерттеушісі Л.Спалланцани тіршіліктің
өздігінен пайда болмайтынын 1765 жылы тәжірибе жүзінде дәлелдеген.Ол ішінде қоректік
сұйықтығы бар мойны ұзын шыны ыдыстарды ұзақ уақыт қайнатып, соңынан ауыздарын
дәнекерлеп бекітіп қойған. Бірнеше аптадан соң қарағанда, ыдыстардың ішінде ешқандай
тіршіліктің белгісі байқалмаған. Бірақ ыдыстардың мойындарын сындырып, аузын ашық
қалдырғанда, 2- 3 тәуліктен кейін - ақ олардың іші түрлі микроорганизмдерге толы
болған. 1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын
тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы
сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар
жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Тіршіліктің өздігінен пайда
болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер
(1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті
қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен
жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне
мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып,
қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында
сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда
болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.Ол «тіршілік өздігінен
өліден пайда болады» деген көзқарастың негізсіз екендігін дәлелдеді.
Кластер қорғау
1-топ. Креационизм
2-топ. Стационарлық жағдай теориясы
3-топ. Панспермия
4-топ. Абиогенез
5-топ. Биогенез
Бағдаршам арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
IV. Бекіту Сұрақтар анимация арқылы шығады.
Креационизм теориясы нені дәлелдейді ?
Жаратушы күшті.
Панспермия теориясында жер бетінде тіршілік кайдан пайда болды?
Ғарыштан
“Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер
бетінде тіршілік те мәңгі” – деп қай теорияда айтылады?
Стационарлық жағдай теориясында
Тіріден тірі дамыса?
Биогенез
Тірінің өлі материядан өздігенен пайда болуы?
Абиогенез
Әр қайсы оқушыға кесте таратып, оны толтыру керек.
Теориялар
Анықтамасы
Жақтаушы-
лары
жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны
жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді.
Карл Линней
Стационарлық
жағдай
В.Прейер
Панспермия
тіршілік басқа ғаламшарлардан
таралған.
тіріден тірі дамиды.
Пастер,Спалланцани
Абиогенез
Аристотель,Бэкон
Теориялар
Анықтамасы
Жақтаушы-
лары
Креационизм
жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны
жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді.
Карл Линней
Стационарлық
жағдай
Жер бетінде тіршілік мәңгі болған.
В.Прейер
Панспермия
тіршілік басқа ғаламшарлардан
таралған.
Рихтер,Аррениус
Биогенез
тіріден тірі дамиды.
Пастер,Спалланцани
Абиогенез
тіршілік өлі табиғаттан өздігінен пайда
болған.
Аристотель,Бэкон
Сабақтың соңында «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды» деген сұраққа тақтадағы
жауаптарды толықтыру.
Рефлексия
1. Бүгін мен .......... білдім.
2. ..............қызықты болды.
3. ................қиын болды
Үйге тапсырма: Тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар.(Оқу)Жер бетінде
тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар атты кестені толтыру және өз ойларыңды жазу.
Бағалау