Конспект урока "Буын. Буынның түрлері" 5 класс скачать бесплатно


Конспект урока "Буын. Буынның түрлері" 5 класс


Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын түрлері туралы білуі, буынға бөліп
үйрету; буын түрлерін жасалу жолын нақты ажырата алуы; жаттығулар мен
мысалдар арқылы буынның түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, СТО элементтері, сұрақ-жауап,
әңгімелеу, тест жұмысы, сөздікпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: сызба кестелер, тесттер, шарлар, ноутбук,
үлестірмелі қағаздар.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың буын түрлерін ажырата алуы;
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар қою.
Қандай сөздер тасымалданбайды?
1. Бір буынды сөздер. Мысалы: от, кел, қарт
2. Сөздің бір әріпі келесі жолға тасымалданбайды. Мысалы: ата, аю, сия
3. А.Құнанбаев деп қысқартылып жазылған кісі атын фамилиясынан бөліп
тасымалдауға болмайды.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын саннан бөліп тасымалдауға
болмайды.
5. АҚШ (Америка Құрама Штаты) ,ҚР (Қазақстан Республикасы) деген
қысқарған сөздер тасымалданбайды.
ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты буындар жөнінде түсінік қалыптастыру. Буын
түрлерін ажырата алуға үйрету.
Буын.
Буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынана
жасалған фонетикалық бөлшек.
Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып
буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша
буын болады. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық
буын; 3) бітеу буын;
Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып,
дауыстыға аяқталған буын. Мысалы: а-ға, қа-ла, ба-ла;
Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Мысалы:
ант, ет, от, аң, ай
Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталған буындар.
Мысалы: нар, бал, нан, тас, бас, қарт, өрт.
Шардағы әріптер.
Мұғалім: Оқушылар, түсінгенімізді тексеру үшін әріп жазылған шарларды
алайық, мен буындарды атағанда тізбектеліп тұрамыз.
Шардағы әріптер жалғасы. Тапсырма.
3 дауысты және дауыссыз әріптерді таңдаған оқушылар 3 сөзден қояды. Бір
бірлеріне. Оқушылар буын түріне талдайды.
296-жаттығу
«Ереуіл атқа ер салмай» М.Өтемісұлы кім? Буын санын айту.
Дәптермен жұмыс. Тарихи сөздер: са-дақ, қо-рам-сақ, қо-зы жа-уы-рын.
Сөздікпен жұмыс.
Қозы жауырын – Үлкендігі қозының жауырындай садақ оғы.
Қорамсақ – садақ оғы салынған қабының бір түрі.
Беркініп-бекініп, мақсат қойып деген мағына.
Папкаға салып қояды. Келесі сабақта міндетті түрде сұраймыз.
297-жаттығу
І. Мәтінді буынға бөліп оқытқызу.
ІІ. Аңшылық туралы мақалдар:
1. Аң атпаған атынан көреді,
Ата алмаған мылтығынан көреді.
2. Аңды ерінбеген атады,
Я көрінбеген атады
3. Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.
4. Аң мен құс елдің сәулеті.
5. Құс жаңылып торға түсер,
Ер жаңылып қолға түсер.
6. Құсты алғанынан салғаны қызық.
Қазақстан жерінде тіршілік ететін құстарды жазып, 2 құс атауын буын түріне
қарай талдау.
Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жаздырту.
Құстар: тоқылдақ, бұлбұл, қаз, үйрек, қырғауыл, тырна, жапалақ, үкі, бөдене,
бозторғай, шымшық, сауысқан, лашын, ителгі, ұлар, дуадақ, қарлығаш.
Буын түрлеріне қарай талдау.
Сергіту сәті.
Жеміс – жидектер.
1. Буын түрлеріне талда: АЛ-МҰРТ, ШИЕ
2. Буын түрлеріне талда: ЖҮ-ЗІМ, Ө-РІК
3. Буын түрлеріне талда: ҚҰЛ-ПЫ-НАЙ,
4. Буын түрлеріне талда: АЛ-ХО-РЫ, А-НАР
5. Буын түрлеріне талда: МАН-ДА-РИН,
6. Буын түрлеріне талда: ШАБ-ДА-ЛЫ
«Екінші буыным қайда?» ойыны.
ҚАЛА, ЖАҢА, АҚҚУ, ТАРА, КИНО, ҰСТАЗ, МЫСЫҚ, ЖЫЛҚЫ, ҚАЙЫҚ,
БАЛА, АСПАН, ҚАСҚЫР, БҰЛАҚ;
303-жаттығу «Топтастыру» әдісі.
Әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. 150-ге тарта ғылыми еңбек
жазған. Екінші ұстаз атанған. Ойшыл, математик, физик, музыкант, лингвист.
ІІІ. Талдау.
Тест сұрақтары:
1. Құмырсқа деген сөзде неше буын бар?
А. 1
Ә. 2
Б. 3
2. «Бас» қандай буын?
А. Ашық
Ә. Бітеу
Б. Тұйық
3. «Қа- ла» сөздеріндегібуындар қай буынға жатады?
А. Ашық
Ә. Бітеу
Б. Тұйық
4. «Ант, от, ер» сөздері қай буынға жатады?
А. Ашық
Ә. Бітеу
Б. Тұйық
5. «А-на» деген сөздегі А буыны қай буынға жатқызылады?
А. Ашық
Ә. Бітеу
Б. Тұйық
Оқушылар бір-бірлерін тексереді.
Қарлығаш құсына сабақ туралы ұнады, ұнамады, не түйді, не білді жазып,
тақтаға іледі.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 306-жаттығу.