Конспект урока "Оқу құралдары" 5 класс


Пәні: қазақ тілі сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере
отырып сын есімдерді қайталау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын
арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сын есімдерді меңгеру, оқу құралдары жөнінде өз
пікірін айта білу; оқу құралдарын үш тілде атай білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а/сөздік жұмысы
мұғалім – учитель teacher
синоним - мұғалім-ұстаз- оқытушы
ә/ Өз мұғалімің туралы айтыңдар.
Сабақ беретін мұғалімдерін тірек сызбаны қолдана отырып, суреттеу
3- тапсырма /192 б/
1) мінезі (мейірімді, мейірбан, тік, ашық)
2) бойы (ұзын, қысқа, орта бойлы)
3) көзі, шашы (түсі – қара, сары, көк)
4) киімі (әдемі, жарасымды)
б/ Үйден аяқтап, жазып келген бес жолды өлеңді оқу
1. Зат есім – мұғалім учитель – teacher
2. Сын есім – ұқыпты, үлгілі
3. Етістік – сабақ береді, түсіндіреді, әзірлейді
4. Сөйлем - Ұқыпты мұғалім сабақты уақытында әзірлейді.
5. Синоним – ұстаз, оқытушы
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқу құралдары.
1 /сөздік жұмысы
суретке қарап, оқу құралдарын атау, үш тілге аудару
оқу құралдары- учебные принадлежности
сөмке - сумка - bag
кітап книга- book
дәптер тетрадь – note - book
күнделік дневник- diary
қалам ручка- pen
сызғыш линейка-ruler
2/ жаңа сөздермен, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру / жұппен жұмыс/
3 / Е.Елубайдың өлеңін рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Әр оқу құралының
қызметі қандай?
4/3-тапсырманы жазбаша орындау. Сүрақтарға жазбаша жауап беру,
сөйлемді орыс тіліне аудару. Оқу құралдарын орыс, ағылшын тілдеріне
аударып отыру.
5/ Ережемен жұмыс
Сын есім деген не? /ереже, мысал келтіру/
4 тапсырма. Кестемен жұмыс.
Оқу құралдары
Қандай?
Пайдасы
1.
Сөмке
үлкен, қызыл,
қара
Оқу құралдарын
саламыз.
Сын есімдерді үш тілге аудару. Үлкен, қызыл, қара, әдемі, көк, ұзын, қысқа
т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту. Сенің қаламың қандай? Қалам не үшін
керек?
V. Үйге тапсырма
Оқу құралдарының жайында шағын әңгіме құрау. Е.Елубайдың бір өлеңін
жаттап алу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Сенің сөмкеңде қандай оқу құралдары бар? Оқу құралдарын қалай ұстау
керек?