Конспект урока "Тіл сайысы" 4 класс


Сыныптан тыс шара "Тіл сайысы"
Сабақтың мақсаты:
1. басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен
бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру
2. қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру;
3. оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер.
Қатысушылар: 3б,4б сынып оқушылары.
Сабақтың барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіз бе, құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс
сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Бұл шараны
өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен
қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
2. Әділқазылармен таныстыру:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын,
шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.
3. Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру:
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді. Жауаптарын
топта талқылап, қорытынды шығарып, айту немесе интербелсенді тақтаға
жазу керек; Топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.
4.Сайыстың тапсырмалары:
1кезең: «Сөзжұмбақ шешу». Мұнда шараның тақырыбы жасырың берілген
2 кезең: «Мың бір мақал»
«Мақал сөздің мәйегі» деп мақал мәтелдер жарысын бастайық.
Топтар әр түрлі мақалдарды кезекпен айтады.
3 кезең: «Керекті жалғауды жалға».
Әр топтан бір-бірден оқушылар шығып, интербелсенді тақтаға жауап
жазады.
4 кезең: «Кез келген бір өлеңді жатқа айт».
Әр топтан бір бала шығып, жатқа бір өлеңді айтады.
5 кезең: «Сөздерді қазақшаға аудару»
6 кезең: «Берілген сандарды әріппен жазыңдар».
5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі
сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, топ абыройын
жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда
жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.
Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік.
6. Марапаттау рәсімі.