Конспект урока "Holіdays in Kazakhstan" 3 класс

Күні:
Сынып:3
Unit 1. Lesson 4 Сабақтың тақырыбы: Holіdays in Kazakhstan.
Сабақтың мақсаты: білімдік: «Holіdays in Kazakhstan» тақырыбы бойынша қарым-
қатынас жағдаятында коммуникативтік, репродуктивтік және рецеп|ивтік дағдыларын
қалыптастыру; рецептивтік грамматикалық дағдыларын қалыптастыру; өткен лексикалық,
грамматикалық материалдарды белсендіру, жаңа тақырыптық лексиканы енгізу;
орфографиялық дағдыларын қалыптастыру.
дамытушылық: тілдік жұмбақты қолдану жолымен өтілген лексиканы белсендіру арқылы
сөздік қорын байыта отырып, оқушылардың үйреніп жатқан тіліне деген
қызығушылықтарын арттыру, суреттерді бояу, бастырып сызуға берілген тапсырмаларды
oploway арқылы сaycaқ бұлшық еттерін жетілдіру; ойынға тарту арқылы қоиғалыс
iсәрекеттерін басқара алуға үйрету; өзінің және сыныптастарының ісәрекеттерін өз
бетінше бағалау дағдысын дамыту,
тәрбиелік: патриоттық сезімін тәрбиелеу; үлкендерге/ отбасындағы кішкентайларға/
мұғаліміне/ сыныптастарына деген сыпайы қарымқатынасындамыту; тәртіптілік,
жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру; жетістігіне қуана білу және сыныптастарының
сәтсіздігін уайымдау
Күтілетін нәтижелер: пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерінің
болуы; «Holіdays in Kazakhstan» тақырыбы бойынша создерді білу; сабақтың holiday, New
Year, Victory Day, Nauryz, Astana Day, capital have give, go, bring белсенді лексикасын
дұрыс жазу; сөз тәртібін сақтау.
тұлғалық: ағылшын тіліне деген қызығушылықты корсету, өз елінің дәстүрлерін
құрметтеу, тілдік этикеттің техникасын және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
жүйелік-әрекеттік: берілген тақырып бойынша оқып-үйренген лексика-грамматикалық
материалды сөйленім қүрастыруда қолдану әңгімені бастай, қолдай және аяқтай алу. 9
Сабақты материалдық қамтамасыз ету: мұғалім үшін: CD ойнатқыш, карточкалар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (бояу, үзік сызықтарды үстінен бастырып сызу),
дүниетану (ұлттық мерекелер, мемлекеттің астанасы туралы мәліметтер).
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру сәті. - Good morning, children! I'm glad to see you! How are you' - Good
morning, teacher! We are fine. And you? «Good morning!» әнін айтуға болады.
2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау. Балалар, өткен сабақта біз бір-
бірімізді туған күнімен құттықтауға үйрендік. Бүгін біз мерекелер тақырыбын
жалғастырамыз. Ағылшын тілінде мереке сөзі - holiday. Еліміздің белгілі мерекелерін
атаңдар! Good! Дұрыс, балалар. Жаңа жыл, Наурыз, Жеңіс күні және Астана күні ең
сүйікті мерекелер. Астана сөзі ағылшынша — capital.
3. Тірек білімді белсендіру. Фонетикалық жаттығу. Балалар, бізге Бен досымыз
келді, ол бүгінгі сабақта қолданатын сөздердегі ағылшын дыбыстарын дұрыс айтуға
көмектеседі. Балалар, сабақты тілімізге арналған жаттығудан бастайық! Listen and
repeat after me: /p/, Бұл қоңырауға ұқсайтын дыбыс. Sау after me: ring, bring, king, sing,
morning. Well done, children! Now listen and say another sound / a:/, /a:/. Бұл ұзақ айтылатын
дыбыс. Repeat after me: car, far, star, park, dance. Great job, children
«Тізбек» лексикалық ойыны. Мақсаты: жіктеу есімдіктерін қайталау. Ойынның өту
барысы: оқушылар шеңберде тұрып, ойын жетекшісін таңдайды. Жетекші шеңберге кіріп,
орыс тілінде кез келген eсімдікті айтып допты бір оқушыға лақтырады, ал ол сөздің
ағылшынша баламасын айтып, допты қайтадан жетекшіге лақтырады.
4. Іс-әрекет тәсілі мен жаңа білімді меңгеру. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Listen and
learn. Мұғалім қажеттілік туындаса, жаңа сөздердің мағынасын ишарат білдіру арқылы
түсіндіреді. Бірінші тыңдалымнан кейін оқушыларды диктордан кейін дауыс ырғағын
ұқсату арқылы сөздерді қайталауды сұрайды. Үйретілген лексиканы қайталау мақсатында
мұғалім оқушыларға сұрақ қойылады. E.g. Look at the picture 2. What do we do on New
Year? We sing and dance and give presents. Do we sing and dance on New Year? Yes, we
do. Do we give presents on New Year? Yes, we do. Is Astana the capital of Kazakhstan? --Yes,
it is. Is Astana the capital of England? No, it isn’t. Is London the capital of England? Yes, it
is. What is the capital of Kazakhstan? Astana. What is the capital of England? - London.
5. Түсінгендерін алғашқы тексеру. Оқып-үйренген лексиканы ойын арқылы да бекітуге
болады. Мұғалім оқушыларды уақытша тілмаш болуға өтініп, естіген создерді ағылшын
тіліне аударуға ұсынады.
Track 9.
Speaker: We have many holidays in Kazakhstan.
We have New Year. We sing and dance and give presents,
We have Nauryz. We have plov and nauryz-kozhe.
We have Victory Day. We go to the park and bring flowers,
We have the Day of Astana. Astana is the capital of Kazakhstan. It’s a very beautiful city.
2- жаттығу. Say what holiday it is.
Мақсаты: жаңа сөздікті бекіту.
Оқушылар үлгіге сүйене отырып, суреттерде бейнсленген мерекелерді атайды.
3- жаттығу. Name the action.
Мақсаты: оқып-үйренген лексиканы бекіту, өз айтылымын қүру.
Оқушылар сурет бойынша балалардың іс-әрекеттерін атайды. Суретті сипаттауды
ұсыныңыз. Жұмысты сұрақ-жауап түрінде үйымдастыруға болады. Егер балалардың
деңгейі жоғары болса, суретті өздігінен сұрақсыз сипаттауды ұсынуға болады.
Оқушылардың өз айтылымын құру дағдыларын дамыту өте маңызды.
T: What do children do?
Cl: They/ children bring flowers.
T: What do children do?
CL. They/ children eat plov.
T: What do children do?
Cl: They/ children go to the park.
T: What do children do?
Cl: They / children dance and sing.
T: What do children do?
Cl: They/ children give presents.
Сергіту сәті
Walking, walking, hop, hop, hop.
Jumping, jumping. Now let us stop.
6. Іс-әрекет тәсілін және білімдерін бекіту.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу. Match.
Оқушылар мозаика бөліктерінен мереке атауларын тауып, оны атап, сәйкес сөзбен сызып
қосуы тиіс. Оқушылар толық жауап беру тиіс: It's Nauryz. It's New Year, etc.
2- жаттығу. Write the word.
Мақсаты: тақырыптық сөздік бойынша орфографиялық дағдыларын дамыту.
Сөздердің бастапқы әріптері берілген, оқушылар сурет бойынша жетіспейтін әріптерді
жазуы тиіс. Нүкте саны әріп санын білдіреді. (flower, present, city, holiday, capital).
3- жаттығу Finish the sentences.
Мақсаты: сабақтың белсенді лексикасын бекіту, орфографиялық дағдыларды дамыту.
Оқушылар тізімнен алынған сөздер мен сөз тіркестерін қою арқылы сөйлемдерді аяқтау
тиіс. Берілген суреттер дұрыс нұсқаны таңдауға көмектеседі.
1. We bring flowers.
2. We go to the park. 3. We give presents. 4. We have plov. 5. We dance. 6. We sing.
4- жаттығу. Make plural forms.
Мақсаты: грамматикалық материалды қайталау (зат есімнің көпше түрі, This is.../These
are... құрылымының қолдануын белсендіру).
Жаттығуды орындар алдында мұғалім оқушыларға зат есімнің көпше түрін есіне түсіреді.
Оқушылар оларды жекеше және көпше түрінде оқиды.
A present - two presents. A flower - seven flowers. A holiday - three holidays. A park - two
parks.
Сөздерді оқығаннан кейін. This is a present./ It's a present. These are presents
құрылымдарында қолдану ұсынылады.
7. Сабақты қорытындылау.
- Children, your work today was good! Бүгін біз не үйрендік? Ал біз шетелдіктерге
мерекелер туралы әңгімелеп бере аламыз ба? Бұл қандай мерекелер? Олар ағылшынша
қалай аталады? Fantastic! Жарайсыңдар!
8. Үй жұмысы. 5-жаттығу