Презентация "БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ" 6 класс

Подписи к слайдам:

Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

6 «в» сынып

АШЫҚ САБАҚ

«Тұтқын бала»

(«Қызыл жебе» романынан үзінді)

«БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ»

Үйге берілген тапсырма:

«Тапқырлар» тобының тапсырмасы: Шығармадан мақал-мәтелдер, афоризмдерді табу

«Зерттеушілер» тобының тапсырмасы: Тұрар Рысқұлов жайында мәлімет жинақтап, шығармамен байланыстыру

«Суреткерлер» тобының тапсырмасы: Оқиға желісіне байланысты сурет салу

БЛИЦ СҰРАҚТАР

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тұрардың әкесі қандай қылмысы үшін түрмеде жатыр?

1

Тұрар түрмеде жатып қандай жұмыстарды жасайды?

2

Ат айдаушы баланың арманы не?

3

4

Тұрарды надзирательдің таяғынан кім құтқарып қылды?

5

Түрмедегі соңғы түні әкесі балаға қандай ақыл-өсиет айтты?

6

Алғаш мектепке барғанда Тұрардың тегі кім болды және не себепті?

7

Атамырза Тұрардың шынтағындағы тесікке күлгенге қандай жауап алды?

8

Мектеп бітіру куәлігінде Тұрардың тегі кім болып жазылды және не себепті?

9

Александр Бронников кім?

Ойын

Мені тап!

Ортаға оқушы шығады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған қағаз жапсырылады – қатысушыға сыныптағы оқушылар сол сөзге қатысты тұспалдап сөйлемдер жасырады

«БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ»

Тұрар Рысқұлов

(1894-1938)

3

2

1

Керегін таңда

2

Аркаша

3

Атамырза

1

Бала Тұрар

Бала Тұрарға мінездеме

қарапайым

намысшыл

білімге құштар

әділетсіздікке төзбейді

тегін қалпына келтіреді

зерек

әкесін құрметтейді

ақылды

ұлтының ұлы

Балалықпен ерте қоштасқан

Әкесінің жолын қуушы

сабырлы

Белсенді кейіпкер

Тасадағы кейіпкер

 

 

Кесте толтыру

Жағымды кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

 

 

1894 жылы

Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында дүниеге келген

1907 – 1910 жж

Меркедегі туыстарына барады. Орыс - қазақ мектебін үздік бітіреді.

1910 – 1914 жж

Бішкектегі бау – бақша мектебінде оқиды.

1915 ж

Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.

1916 ж

Ұлт - азаттық көтеріліске қатысады.

1917 - 1918 жж

21 жаста Түркістан республикасында аштықпен күрес орталық комиссиясының төрағасы болды.

1924 ж

Монғолияға өкіл етіп жіберілуі.

1932 – 1933 жж

Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.

1938 ж

Сталиндік жазалаудың құрбаны болады

Хронологиялық кесте

Тұрар Рысқұлов

(1894-1938)

БАЛА ТҰРАРДАН – Түркістанның ұлы қайраткері

Тұрар Рысқұловқа дейін

Ерте үзілген балалық 

Халқымыздың аяулы перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданында 1894 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген.Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы кәнігі аңшы, шабандоз, көкпаршы адам болған.. Отбасын асырау қамымен аңшылық жасап, өмірінің көп бөлігін тау-таста өткізген Рысқұл XIX ғасырдың 80-жылдары жергілікті билеушілердің озбырлығы салдарынан елден шеттеп, Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) Жетісу өңіріне көшіп келген. Бірақ жаңа қонысында да көптеген әділетсіздіктерге душар болған. Осы жағдайды Тұрар өзінің бір еңбегінде: «Ол кездегі қазақтан белгіленген патша әкімдері әдісінің бірі – әлсіз рудың адамдарын әлді рудың малын ұрладың деп өтірік қаралау, нашарлардың қанын сүліктей сору еді.

 "Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ" журналы №10(22)  2011 жыл     

Бұл әдісті жергілікті болыс менің әкем Рысқұлға да қолданды. Әкем жергілікті әкімдердің қорлығына шыдай алмай, Күншығыс Талғар болысының управителі Саймасай Үшкемпіровті атып өлтіреді», – деп баяндаған. Анасы сәби күнінде қайтыс болып кеткен Тұрар әкесі істі болып, түрмеге жабылғанда небәрі 11 жаста екен. «Қанға – қан, жанға – жан» деп дүрліккен болыстың туыстары «Ардақты адамымыздан айырған сұмның жалғыз ұлын бауыздап, кегімізді аламыз» деп Тұрарды өлтірмекші болғанда төңіректегі ел ара түсіп, әрең аман алып қалады. Мұны естіген Рысқұл түрме бастығы Приходькоға қайта-қайта өтініш айтып жүріп, Тұрарды қасына алады. Әуелде түрменің ауласын сыпырған Тұрар артынан Приходьконың баласын күймемен гимназияға таситын болады. Күндіз осындай жұмыстарды атқарып, кешке әкесінің жанына келіп жатып жүреді. Рысқұлмен бірге түрмеде жатқан революционер Александр Бронников Тұрардың қайсар мінезін, алғырлығын байқап, оған назар аудара бастайды, орысша сауат ашқызып, жазу, сызу үйретеді.

Соттың үкімімен әкесі Иркутскіге 10 жылға жер аударылғаннан кейін Тұрар қарындасы Түйметай екеуі өгей шешесі Ізбәйшәнің қолында өседі. Олардың өсіп-жетілуіне Ізбәйшәнің ағасы Қырғызбай мен Рысқұлдың інісі Молдабектің де көп көмегі болады. Балалық шағын еске ала отырып Тұрардың өзі кезінде: «Бір күні Қырғызбай атам маған етік әкеліп берді. Қыста киетін етігімді үйге қойсам, біреу ұрлап кететіндей көрініп, балалармен ойнасам да, мал бақсам да жаз бойы тастамай мойныма іліп жүрдім», – деп жазған екен. Қиыншылықтың дәмін осылайша бала кезінен татып өскен Тұрардың бойында әлеуметтік әділетсіздікпен қоса, ұлттық езгіге қарсы күрес рухы да ерте оянады. 

Бала Тұрар

Ортақ

Тұрар Рысқұлов

Венн диаграммасы

Сергіту сәті

Кейіпкерге хат

Рефлексия (Стикерге өз ойларыңды жазып жапсыру)

Шығарма несімен ұнады?

Сүйікті кейіпкерің?

Жасалған қорытынды.

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА «Әке көрген оқ жонар» «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында Бала тұрардың өмірімен байланыстыра отырып ой толғау