Конспект урока "Табиғатты таза сақтайық" 9 класс

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты таза сақтайық.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы екендігін
түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың қоршаған орта, табиғат жайлы білімдерін
кеңейту, табиғатқа деген жанашырлықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: Табиғаттың байлығын бағалай білуге, табиғатты сүюге, туған
жер табиғатын қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілік: Дидактикалық үлестірме материалдар, тест жұмысы
(жапырақтар) мақал - мәтел жазылған плакат
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбын, түрін, мақсатын, өту барысын хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Психологиялық дайындық:
1.Ой қозғау. «Табиғат сұлулық мекені»- деген видео бойынша оқушылар
сабақтың тақырыбы өздері ойлап табады. /1слайд/
2.Сабақтың тақырыбын-кілтін шығарып аламыз да тақтаға ілеміз.
Қызығушылықты ояту:/2 слайд/ Мұғалімді тыңдаймыз.
- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн?
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді
байқап жүрген шығарсыңдар. – Иә, дұрыс, күн суып, жапырақтар сарғайды.
Шаттық шеңбері: /3 слайд/Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да
Табиғат – анамыз. Олай болса сабақты Табиғат – анаға тілек айтудан
бастайықшы.
Біздің асыраушымыз да,
панамыз да
Табиғат – анамыз.
Табиғат анаға тілек айтудан бастайықшы.
Балалар кезекпен тілек айтып шығады: /4 слайд/
Табиғат – анамызтаза болсын
Табиғат – анамыз көркем де сұлу болсын
Табиғатымызұзақ жасасын және т.б
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Ой қозғау:/5 слайд/
, ,,, , ,,
1. Табиғат дегеніміз не?
2. Табиғат байлықтарына не жатады?
3. Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз?
4. 22 сәуір қандай күн?
Топта жұмыс жасаймыз. -Оқушылар топ бойынша отырады.
Топ жетекшілері сайланады.
1-кезең. Табиғат салынған сурет бойынша сынып екі топқа бөлінеді.
«Танысу» 2 команда өздерін таныстырады.
1 топ. «Жас қыран» ұраны:
«Еркіндік қыраны шарықта»
2 топ. «Қанатты тұлпар» ұраны:
«Биіктерге самғай бер! Шолпанға жет!»
«Ойлан тап!»: /6 слайд/ «Табиғат» сөзінен бірнеше сөз құру. «Табиғат»
сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.
Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім жинақтап толықтырады.
2-кезең. Сөздік жұмыс./новыеслова/- оқушылардың уақыттарын алмау үшін
жаңа сөздер алдарыңда жатады.
3-кезең.
Барлық білім – кітапта. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. 2 топқа бірдей мәтін беріп, аудару. Бір оқушы
сөйлемді оқиды, бір оқушы аударады. Сұрақтар қою:
Саяхатқа шықсаңыз, қокыс қалтаңызды бірге алып шығыңыз. Мәдениетті
елдерде солай істейді. Айналаға қоқысты шашпаңыз. Тамақ қалдықтарын
өзіңіздің қоқыс қалтаңызға салып жиып алыңыз.Оны жақын маңдағы қоқыс
жәшігіне тастайтын боласыз. Міне,сіз осылайша табиғатты, айналаны таза
ұстауға өз үлесіңізді қосасыз. Табиғатты таза ұстауға ұмтылайық. Табиғат
тазалығы бұзылғаннан кейін табиғатта та, адамдардың көңіл күйлері де,
денсаулықтары да бұзылады.
Табиғат біздің тіршілігіміздің сақтаушысы. Табиғат жойылса, тіршілік те
жойылады. Сондықтан табиғатқа серуенге шыға қалсаңыз, айналадағы
гүлдерді жұлмаңыз, ағаштардың бұталарын сындырмаңыз. Қазақ халқында
«шөпті баспа » деген тыйым сөз бар. Халық табиғатты қорғауға, сақтауға
ерекше мән берген. Біз де, сіз де табиғатты сақтайық. Табиғатты аялап
күтейік. Табиғатсыз өмір жоқ.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау: /7 слайд/
3-деңгей
1. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазыңдар.
3. Қорғауға сөзіне фонетика-лық талдау жасаңдар.
2-деңгей
«Табиғатты таза сақтайық» 1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
1-деңгей «Ромашка Блум» бойынша
1. Мәтін не туралы?
2.Табиғат дегенде, біз .........
3. «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» туралы не білесіңдер?
4.Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
5.Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?
6. Мақал-мәтелдер. /сүреттеу/
Рөлдік ойын: « Тілші мен сұхбат» /8 слайд/
Сұрақ : Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?
Жауаптар:
1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі.
2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен
жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш
заттар.
4.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су
жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының
көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.
Сұрақ: Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
Жауаптар.
1. Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;
2. Табиғатты аялап ұстау, Бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде үгіт –
насихат жұмыстарын жүргізу.
3. Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ
көздерін ашу.
4-кезең. Сергіту сәті: /9 слайд/
Біздің сыныпқа хат келіп түсіпті, ал оның ішінде не бар екен? Бұл
жапырақтар екен ғой! Қандай керемет! Балалар жапырақтарда берілген
тест сұрақтары,тапсырмалар жазылыпты.
Әр топ тапсырма таңдайды. Өз тапсырмасын орындайды. Топ
спикерлері топ мүшелерінің жарыс шығармасын тексеріп бағалап өтеді,
әр оқушының сөйлеуіне мүмкіндік жасалады.
1. тапсырма. Мақалды аяқта.
1. ... жауса жер ырысы. (атар)
2. Батар күннің ... таңы бар. (бүркіт)
3. Құс патшасы ... . (Жаңбыр)
4. Жаңбырмен ... көгереді. (жаз, қыс)
2. тапсырма. «Аудармашылар сайысы». ш тілде айту/ .
1. Көздіашып –жұмғанша (тез - быстро - quickly )эускли
2. Төбешашытіктұру ( қорқу - бояться - beafraid) эфрейт
3. Төбесікөккежету (қуану - радоваться - reqoice) реклайт
4. Қайран қалу ( таңдану - удивляться - wonder) уванде
5. Қойаузынаншөпалмас ( момын - скромный - modest) мондиш
6. Жақсылығың алдыңнаншықсын (тілек – пожелание - wish) уишли
3. тапсырма. Ережелерін айту.1/Біз әуежайға ерте келдік,тіркеуден өттік.
/-құрмалас сөйлем /
2/Асан уақыты болмағадықтан, сапарға шықпады.
/-себеп-салдар сабақтас сөйлем /
3/Өрікті жеме,табақты әпер,қалада тұрады,Айнаш келді.
/-етістік/
4/Омар сабаққа әдейі кешігіп келді.
5/Мен сізбен кездесуге ертең барамын.
/-келер шақ /
6/ Дүкеннің, айдың, кілттің қай септікте. /Ілік септік/
7/Елбасы,бақша,жолсерік,баспасөз берілген сөздерді тап.
/-бірккен сөздер /
8//Туынды сөз / басшы,тәрбиеші,көрме
9//Мекен үстеулерді атаңыз. /
жоғары,оңға,алыста
10/ /Қос сөздер/
-биік-биік, жалт-жұлт,бала-шаға
5-кезең.Түсінгенін бекіту. Топ басшылары қорғайды.
1/- Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн,
жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір -
бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне
қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін
қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп
шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.
2/Қоршаған ортаны қорғаудың дүние-жүзілік күні.Оның негізгі мақсаты-
табиғатты қор-ғау мәселесіне жұртшылықты шақыру.Ол мереке ретінде
табиғатты қорғауға арналған.Әр түрлі ойын-сауық,ағаш отырғызу,сурет
салу,саябақтар-ды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.
6-кезең.Сабақты қорытындылау.Көрініс. «Табиғат аясындағы сот»
«Жүректен жүрекке»: /10 слайд/ Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек
айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді
апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
7-кезең. Рефлексия : «Ауа райы» әдісі. /11 слайд/
( найзағай) – мүлде сенімсізбін. (ашық) – аздап сенімдімін.
( жаңбыр) – сенімсізбін. (бұлт пен күн) – сенімдімін.
(күн) –өте сенімдімін.
- Әр топ өз-өздерін бағалайды, бір-бірлерін бағалайды, қорытынды
пікір жасалады.