Конспект урока "Баспасөз-өмір айнасы" 8 класс


Сабақтың тақырыбы: Баспасөз-өмір айнасы
Мақсаттары:
Білімділік: Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберліктерін қалыптастыру. Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, оқушылардың дағды, таным
белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, белсенді сөздік қорын пайдаланып, лексикалық
тақырып бойынша сөйлей, сөйлесе алуды үйрету. Теория мен практиканы ұштастыру,
сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың өз ойын
жүйелі айта білуін дағдыларын жетілдіру. іскерлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу. Өз пікірі, ойы қалыптасқан
заманымыздың белсенді азаматтары бола білуге шақыру. Елжандылық пен патриотизмге
тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру. Елі үшін туған тұлғалардың өмірін үлгі ету.
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта, «Семей таңы» газеті, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын бекіту
1. Өткен тақырыпты пысықтау
2. Балалар, біз сендермен бұқаралық ақпарат құралдарының қандай түрлерімен
таныстық? Дұрыс,олай болса білімімізді тексеріп көрейік.
Радио
Теледидар
Радиобайланыстың қасиеті неде?
Радионы алғаш ойлап тапқан кім?
Радио неге бұқаралық ақпарат
құралдарының бірі болып саналады?
Радионың негізгі жанрлары қандай?
Радиодан қандай хабарларды
тыңдағанды ұнатасың?
Теледидар тарихы туралы не білеміз?
Қоғамдық телевидение халықты қандай
бағдарламалармен қамту керек?
Теледидардан қандай бағдарламаларды
көргенді ұнатасың?
Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні
қашан?
Радио мен теледидардың
айырмашылығы неде?
ҚР қандай телеарналар бар?
Алматы телестудиясы өз жұмысын
қашан бастады?
Теледидар мен радионың қандай айырмашылығы бар?
Жақсы,енді тақтаға көңіл аударайық.
Мынау не? /Көне газат суретін көрсету/
Оқушылардың жауабын тыңдау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Дұрыс, Қазақстанда шыққан тұңғыш газет. Қандай көне газеттерді білеміз?
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Баспасөз- өмір айнасы» мерзімдік
басылым газет туралы болмақ. Мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?
Баспасөз туралы ақпарат алу.
ІҮ Сөздік жұмысы
Оқушылар сөздікті пайдаланып, берілген сөздерді аударады.
ақпарат көздері–источник информации
мерзімдік басылым–периодическое издание
бұқаралық ақпарат көздері– средства массовой информации (СМИ)
мақала–статья
айдар–рубрика
мәлімет–сообщения, сведение
баспахана–издательство
тілшісі–корреспондент
жергілікті–местный
баспасөз– пресса
Қане балалар , осы сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрып көрейік
Мәтінмен жұмыс
Баспасөз- өмір айнасы
Қазіргі заманғы газеттердің алғашқы түрлері ежелгі Шығыс қалаларында қолданылған.
Олар жаңалықтар мен ресми хабарлардың жинақтары болған.Бұл жинақтар халық көп
жиналатын жерлерде ілініп қойылған.
ХҮІ ғасырда Венецияда осындай жаңалықтарды жинақтайтын бюро құрылды. Осыған
байланысты «жаңалық жазатын» кәсіп пайда болды. Осы бюроның шығаратын қолжазба
парақтары- «гадзетта» халық көп жиналатын орында сатылатын болған. 1631 жылы
француздың Ремадо деген кәсіпкері Парижде «La gazette» деп аталатын мерзімді басылым
шығара бастайды. Осыдан кейін «газет» деген сөз кең қолданыла бастаған. Газет шығару
ісі қағаз көп жасала бастаған заманда барынша өркендеді.
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз —халық
арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси
жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың
мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы
нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал жатады.
Газет-журналдардың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі,
шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз,қызықты жайларды білеміз.Сонымен бірге
тарихи оқиғалар, атақты адамдар жайында мақалалар оқимыз.Көптеген газеттерде
міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа райы жайында мәліметтер басылады.
Газет-журналдардың түрі көп: орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға,
жасөспірімдерге, спортқа, музыкаға арналған.Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет-
журнал шығады. Қазіргі кезде қазақ тілінде"Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ
әдебиеті", "Ана тілі", "Алматы ақшамы" т.б. газеттер шығарылады. Олар шартты түрде:
ресми, тәуелсіз, орталық,республикалық, облыстық, қалалық, аудандық газеттерге
бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық
жасайды.
Г азет айдарлары (рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны
танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы
болады.
Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Семей
таңы» газетінде «Шетел жаңалықтары», «Ішкі хабарлар», «Қала жаңалықтары» атты
айдарлар бар. Сонымен қатар «Бүгінгі номерде», «Бүгінгі оқитындарыңыз», «Баспасөз
баршаға», «Жұлдыз жорамал», «Ауа райы болжамы», «Спорт және біз» т.б. айдарларды
келтіруге болады. Мақала- газет ұстанатын бағыттың айнасы. Мақала тақырыптары
әртүрлі болады.Мақаланың газет құрылымындағы алатын орны ерекше.
1.Балалар мәтінді оқып танысады.
Ү. Сұрақ-жауап жүргізу
1.Мәтінен не туралы білдік?
2.Қандай жаңа ақпарат алдық?
3.Мерзімдік басылымға не жатады?
4. Оқып тұрасыңдар ма?
5. Сендердің сүйікті газеттерің қандай?
6. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?
7. Газетті қай тілде оқисыңдар? Неліктен?
8. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?
9. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?
ҮІ. Жақсы балалар, енді алған білімімізді пайдаланып «Семей
таңы»газетімен жұмыс істеп көрейік.
1-топ «Семей таңы » газетін сипаттау керек
2- топ «Семей таңы » газетін көне газаеттермен салыстырады.
3-топ «Семей таңы » газетін қалай қолданасың?
4-топ «Семей таңы » газетінде нені өзгертер едің?
Әр топ мүшелері өз зерттеулерін айтады.
Әр топ бір-бірін тыңдап қандай жаңа ақпарат алғанын айтады.
Дұрыс айтасыңдар балалар, енді алған білімімізді бекітейік.
«Синквейн» немесе «Бес жолды өлең» әдісі.
-Балалар, әр топ қазір «газет» сөзіне қатысты
1Тақырыптың аты
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден тұратын сөйлем
1 синоним
Тауып жазу қажет
Әр топтан жазған өлеңдерін оқытып жіберу
ҮІІ Қорытынды жасау.
• Балалар, сендер алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. Қазіргі кезде интернет,
телевизор,техника дамыған заман болса да, газет қоғаммен бірге дамып келеді. Газеттің
өмірдегі орны ерекше. Сондықтан газетті оқып тұруымыз керек.
ҮІІІ Үйге тапсырма : 8-Наурыз аналар мерекесіне арнап әр топ газет
шығарып келеді.