Конспект урока "Әдеби үйірме. Қызықты грамматика үйірмесі" 6 класс скачать бесплатно

Конспект урока "Әдеби үйірме. Қызықты грамматика үйірмесі" 6 класс


Сабақтың тақырыбы: Әдеби үйірме. Қызықты грамматика үйірмесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,қызығушылығын арттыра отырып,
танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға, достыққа адал болуға,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, бос уақыттарын тиімді өткізе білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2 тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, тұрлаулы мүшелерін белгілеңдер. Қарамен жазылған
сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін анықтаңдар.
1. Оқушы кітап оқу арқылы әдебиетті, поэзияны, музыканы, көркемсуретті жақсы
меңгеретін болады.
2. Сонда нағыз сауатты, мәдениетті адам болады.
3. Оқушыларды кітап оқуға үйрету үшін, қызықтыру үшін мектептерде әдеби үйірме
жұмыс істейді.
4. Әдебиетке қатысты қабырға газеті шығып тұрады.
5. Қабырға газеті оқушыларды жақсы мақала, тіпті өлең жазуға, сурет салуға
үйретеді.
6. Сондықтан еңбектену керек, ерінбей, жалықпай оқу керек.
2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.
- Сенің мектебіңде әдеби үйірме бар ма?
- Иә, бар. «Кітап достары» деген үйірме.
- Үйірме мүшелері нешінші сыныптың оқушылары?
- 5-6-сыныптың оқушылары. Менде осы үйірменің мүшесімін. Үйірме мектеп
кітапханасымен бірігіп жұмыс істейді.
- Үйірмеде не істейсіңдер?
- Кітапханада арнайы көрме ұйымдастырамыз, төменгі сынып оқушыларына
кітап насихаттаймыз, кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқу туралы
әңгімелер жүргіземіз.Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан керекті
кітапты қалай алуға болатынын, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізуге
болатынын үйретеді.
3-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер. Сын есімдерді тауып, белгілеңдер.
Қалай ойлайсыңдар тіл неге ащы, неге тәтті, неге қатты, неге жұмсақ? Өз ойларыңды
ортаға салыңдар.
Ең ащы да- тіл, ең тәтті де-тіл,
Ең қатты да-тіл, ең жұмсақ та-тіл.
4-тапсырма. Берілген әріптерді дұрыс орналастырып, сын есімдерді қатыстырып, жай
сөйлем құраңдар.
Т,П, І,К,А
І,І,Л,М,Б.
М,М,Ғ,Ұ,А,Л,І.
Ү,М,Р,І,Е,Й.
Қ,О,Ы, Ш,У.
5-тапсырма. Кестені төменде берілген сын есімдермен толықтырыңдар.Әрі қарай
өздеріңнің мысалдарыңмен жалғастыруға болады.
Заттың түсін
білдіретін сын есімдер
Заттың көлемін
білдіретін сын
есімдер
Заттың сапасын
білдіретін сын есімдер
Заттың дәмін
білдіретін сын
есімдер
Сын есімдер: ақ, қысқа, таза, дәмді, тәтті, жуан,дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
6-тапсырма. Екінші бағандағы мақалдардың жалғасын тауып жазыңдар.
1. Ердің сыншысы ... бітеді
2. Жақсы болсаң,... жүректе
3. Ерлік білекте емес,... ашу-дұшпан
4. Жері байдың... ел
5. Ақыл-дос,… ардақты ат
6. Кім еңбек етсе,.. жақын көп
7. Мал баққанға... сол тоқ
8. Адам деген... елі бай
VІ. Бағалау бөлімі