Конспект урока "Қазақстанның табиғаты" 6 класс

Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты.
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты
сөйлесу дағдыларын дамыту.
Білімдік : Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілетін
арттыру;
Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін
дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді
қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Сөйлем мүшелерін қайталау.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының
табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: білім сайысы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, тірек сызбамен
жұмыс,дәлелдеу
Көрнекілік материал: электрондық оқулық, суреттер, карточкалар, тірек- сызба,
слайдтар.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, бүгін кім кезекші?
- .....
- Ал, айта қойшы, сабақта кім жоқ?
- .....
II. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Ауа - өмірің, су – қазынаң, жер – үйің, атамекенің.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
- Балалар, біз өткен сабағымызда табиғаттың бізді қоршаған орта және
байлықтың көзі, біздің еліміздің табиғатқа бай екендігі туралы әңгіме еткен
болатынбыз.
Ал, бүгінгі ашық сабағымыз Жалпы Қазақстанның табиғаты туралы болмақ.
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір
бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне
әсер тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою, өзіне зиян келтіреді,
сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді.
Табиғат сырын терең білмей, оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен
апатқа әкеп соғатынын өмір өзі дәлелдеп отыр...
2.Ой шақыру. «Табиғат – біздің екінші үйіміз»
Сөздікпен жұмыс.
Қоршаған орта – окружающая среда
Мәселе – проблема
Болашақ – будущее
Таза ауа – чистый воздух
Құрылығындағы – на континенте
Жер көлемі – территория
Еш уақытта ұмыта алмайды – никогда не сможет забыть
Бай өлке – богатый край
Жалғастыратын – алтын көпір – золотой мост, соединяющтй
пайдалы қазбалар қоймасы – кладовая полезных ископаемых
3. Электорондық оқулықпен жұмыс. Қызығушылықты ояту.
1. Бейнефильм « Қазақстанның табиғаты» Тыңдап, көріңіз.
2. Мәтінмен жұмыс. «Қазақстанның табиғаты » мәнерлеп оқу.
3. Туған жер, табиғат, отан туралы өлеңдерді жатқа оқу.
Мәтінмен жұмыс: Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Қазақстан - Еуразия
құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ.
Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көргендер оны
еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз.
Ол біздің – Отанымыз.
Қазақ жерін « Шығыс пен Батысты жалғастыратын алтын көпір» дейді. Осы жерден
Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз - пайдалы қазбалар қоймасы.
Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін.
Туған жер
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
4.«Өзіңді тексер» тапсырма жұмысын орындау
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар.( тақтамен жұмыс)
Ту ...ан жер таби...аты – хал... ымыздың ұлт..ық мақтанын...шы.
Сонд...қтан оны а...лап қор... ауға үлес қ...су бізд..ң азама...тық бор...шымыз.
2.Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.
Адам баласы табиғатты ... .
Біз бұлақтардың көзін ... .
Су мол болса, астық та ... .
Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... .
Экология төмен аймақтарымыз көбейіп ... .
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады
Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.
3. Сөзжұмбақ №2 ( ҚР өзіңді тексер) Қазақстанның қорықтары.
III.Бекіту:
4. Ассоцияция құру. «Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай
ассоцияцияларды көз алдыңа елестетесіңдер. Сендер бір сөзбен тек осы тақырыпқа
үш минут ішінде тән белгілерді еске түсіп жазыңдар.
Сонымен, « Табиғат» - бұл...
5. Рөлдік ойын « Тілшімен сұхбат»
Сұрақ : Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?
Жауаптар:
1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі.
2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі автокөліктер. Бензинмен жүретін
көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.
4.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына
қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге
жарамсыз болып қалады.
Сұрақ: Табиғат – тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа адамзат өз тарапынан
қамқор болу парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
Жауаптар.
1. Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;
2. Табиғатты аялап ұстау, Бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат
жұмыстарын жүргізу.
3. Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін
ашу.
IV.Қорытынды.
- Ал балалар, бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды! Тапсырмаларды өте жақсы
орындап шықтыңдар! Ал сендерге сабағымыз ұнады ма?
V. Бағалау
Үй тапсырмасы: 1)« Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына өздеріңнің
ойларыңды жазып келіңдер, баяндама. 2) Табиғат, жер, ағаш туралы мақалдар
жазып келіңдер.