Тест "Scientific technological progress" 8 класс

Test on Unit 2. “Scientific technological progress” Grade: 8
I.Vocabulary
1. Corruption a) жер сілкінісі
2. Disaster б) ауа-райы
3. Earthquake с) бағдарлама
4. To be addicted to d) орасан,зор
5. To worry e)жасөспірім
6. Network f) ақпарат
7. E-mail g)электронды почта
8. Huge h) жемқорлық
9. Magazine i) өркениет
10. Newspaper j) құмар болу
11. Teenager k) журнал
12. Weather forecast l) алаңдау
13. Civilization m) желі
14. Programme n)қауіп-қатер
15. The media o) газет
II. Give the English equivalents to the following:
1. Қазіргі заманда әлем бойынша радио мен телевидение кең қолданысқа ие
2. Менің сүйікті радиостансам-«Европа плюс».
3. Теледидар адамдардың көздеріне зиян келтіреді
4. Теледидар керемет туынды.
5. Менің ойымша біздің өмірімізді радио,теледидар, интернатсіз елестету мүмкін
емес.
6. Теледидар театрлардың орнын басуда
7. Балалар мен студентерге арналған бағдарламар өте пайдалы
III. Make up sentences putting the words in the right order
1. Our life, mass media, become, has, an important, part
2. There, for instance, movies, of, different, are, kinds
3. Huge, a, of, computers, internet, the, network, is
IV. Match the words with the definitions
1. A modem a) a flat piece of plastic you use for storing computer
information
2. A disk b) a small object which you move with your hand
to give instructions to a computer
3. The internet c) a piece of electronic equipment that allows you
to send information along telephone wires from one
computer to another
4. A mouse d) a computer system which allows millions of
computer users around the world to exchange
information
Тақырып Кешірімділік көңіл кеңдігі
Сабақ мақсаты: Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы
туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Міндеттері:
1. Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.
2. Кешіре білу қасиеттерін дамыту;
3.Мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік
қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
слайд,өлеңнің
аудиодискісі.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-
қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге
қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай
бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.
Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем
гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-
қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.
Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға
түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз
тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр
аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді
тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен
махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты
және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға
бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден
шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға
да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,
өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-
түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр
менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
1. Үй тапсырмасын тексеру
№9 М.Мақатаевтің өлеңін жаттау. 40 бет
Сабақ барысын
талдау:
Сұрақтар:
· Реніштің тууына не себепші болады?
· Күндестік достыққа ұласа ма?
· Өкпе, ренішті сақтаған адамның денсаулығы қандай болады?
· “Өзіңе тілемегенді, өзгеге тілеме” осы сөздің мәнін қалай
түсінесіңдер?
· Сені ренжеткен адамдарың болды ма, оған қандай кешіріммен
қарадың?
1. Дәйексөз.
«Кешіре білген сайын абыройың арта түседі»
Публилий Сир
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға
айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
1. Әңгiмелеу Құм мен тас
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып
қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы
ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады:
«Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып
жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде
шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де,
батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне
келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым
менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып
жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып
жатырсың. Неге?- деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға
жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп,
тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа
қашап жазып үйрен.
Сұрақтар:
· Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?
· Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?
· Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?
1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.
Сұрақтар:
· Фильмнің соңында әкесі мен баласын не біріктірді?
· Өмірде кешірімді жасаудың маңызы қандай?
· Бұл фильмнен қандай ой қорытасыңдар?
Кешірімшіл баламыз!
(Дос болайық бәріміз! әніне салып орындау)
1-ші топқа
1.Мейірімді баламыз,
.......................................,
Нұрлы күн сөнбесін!
.........................................,
Өшігуді білмейміз,
........................................!
2-ші топқа
Тату өмір сүрейік,
.................................,
Бақытты баламыз!
......................................,
Жақсыға бой түзейік,
......................................!
1. Топпен ән айту.
Кешірімшіл баламыз!
(Өз шығармашылығымнан)
1.Мейірімді баламыз,
Байтақ біздің даламыз,
Нұрлы күн сөнбесін!
Жамандықты көрмейміз,
Өшігуді білмейміз,
Қара бұлт төнбесін!
Қайырмасы:
Кішіпейіл баламыз,
Кешіріммен қараймыз.
Әдептілік сақтаймыз, сақтаймыз,
Ұқыпты біз баламыз.
2.Тату өмір сүрейік,
Жақсыға көз тігейік,
Бақытты баламыз!
Шаттықпен тек күйлейік,
Жақсыға бой түзейік,
Ұқыпты боламыз!
1. Үй тапсырмасы.
№10 А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, түсінігін айту. 43
бет.
Дәптермен жұмыс №9 1,2 тапсырмаларды орындау.
1. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік.
Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.
Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.