эссе "Мақсатым – тәрбие, міндетім – тілді меңгерту."


Мақсатым – тәрбие, міндетім – тілді меңгерту.
Қазақ тілі — ғажап тіл.
Оның болашағы да ғажап.
Тек оны насихаттай білуіміз керек,
оқыта білуіміз керек.
Менің түсінігім бойынша мұғалім – рухы таза, ой өрісі биік, ұлты
мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та-
бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен
білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге
өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі
дарқан адам. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған
өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық
іздейтін ізгі ниет иесі.
Мен де қазақ тілін үйрету барысында тек білім беруді ғана көздемей,
мектеп балалардың бойына толерантты, адамгершілік қасиеттерін сіңіруді
басшылыққа аламын.
Орыс тілінде оқитын мектепте өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету
зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Сондай-
ақ жүрегі таза, құшағы ашық, оқушылармен жұмыс істеп, жұмысыңның
жемісінен ләззат алатын таңғажайып орта.
«Тіліміздің – мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім
беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін
істеу керек» - деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы бар. Тіл үйрету ісі
алдыменен балабақшадан бастау алады. Сондықтан да, қазақ тілін
мемлекеттік тіл дәрежесінде көтеру әрбір азаматтың, оның ішінде оқу
орыс